Өлең: Жұмағали Саин (Ленин дана)

Өлең: Жұмағали Саин (Ленин дана)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
ҰБТ. Қазақ тілі пәнінен қалай дайындалған дұрыс?

Жатыр атам Мавзолейде,
Жатыр жанның данышпаны.
Жатыр күндей күлген адам,
Мәңгі сөнбес бақыт таңы.
Елімде ұлы жеңістердің
Шын иесі — бас маршалы.
Жатыр атам Мавзолейде,
Өзі атырған кәріп танды.
Асқар таудай келбетіне,
Таң қалдырып бар ғаламды.
Сұм қара жер жұта алмады,
Ұлы тұлға — данышпанды.
Шайқалтқан жоқ дауыл үрлеп,
Зеңгір мұхит — оң санды.
Тербелткен жоқ Кораблін,
Састырған жоқ капитанды.
— Сасатын кім?
— Капитан ба?—
Айға өрледі, күнге барды.
Мұз түкірген, бораны ұлып
Жан бармаған полюсті алды.
Командасын жер жүзі естіп,
Ақылына аң-таң қалды.
«Асқан дана өнер кені,
Көргенбіз жоқ мұндай жанды,
Қайтпай алға нық аттаған
Тапқыр ақыл данышпанды
Туды,— деді тарих тағы,
Лениндей бір океанды!»
Жатыр Ленин жұмып көзін,
Мавзолейде мраморлы.
Ол естиді отанынан
Сүйкімді әнді, сұлу жырды.
Ол сүйеді жүрегімен
Өзі өсірген мың сан ұлды.
«Ленин, Ленин» деп жырлайды
Өркені ескен ауыл, қала.
Ленин томын күнде оқиды
Үлкен, кіші, қария, аға.
Ленин атын атай біледі
Тілі жаңа шаққан бала.
Ғасыр бойы толғағынан
Тапқан оны халық - ана.
Өлмейтін жан ел жүрегі
Ленин, Ленин, Ленин дана.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Кір сабынның пайдасы





Комментарии для сайта Cackle