Өлең: Жұмағали Саин (Көкшетау)

Өлең: Жұмағали Саин (Көкшетау)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жеңілдеудің жеңіл жолдары

Болғанда сұлу сырлы жаздың айы
Дүкеннің себілгендей иіс майы
Санаттай даласының жайнап гүлі,
Ән салып көтерілер боз торғайы.
Еркелеп сұлу гүлдің қойнына еніп
Жұтқанда жібек желін кеуде керіп.
Күлерсің, қуанарсың, шаттанарсың
Баладай ана сүйген емшек беріп.
Бәу - бәулеп маңдайынан сипап желі,
Тербетер мейірленіп сонда сені.
Ән салып тоқсан түрлі күй тартады,
Өнерпаз сауық құсы дүниедегі.
Тамаша талай сыр бар бұдан өзге
Барлығын сыйғыза алман айтып сөзге.
Күнменен шағылысқан күміс табақ
Секілді көрінеді көлі көзге.
Ну орман неше түрлі алқа тағып,
Майысар жел үрлесе сылаң қағып.
Айқасып өркештеніп құзы бұлтпен
Сарқырап темен қарап бұлақ ағып.
Бүлдірген, қарақат пен жібек мия
Көздесер аяғыңды бассаң қия.
Аспаннан сорғалайды анды көрсе
Сақ қыран шың басына салған ұя.
Бауырында жер еркесі Көкшетаудың
Құзында көкті сүйген шыңыраудың
Желбіреп қызыл тулы аспандаған
Бақытты нұрына алып колхоз аулын.
Таусылмас Көкшетаудың сыр келбеті
Сия алмас сұлу сөзге жер суреті.
Сүп-сүйір қос өркешті айы туы
Тотыдай түрленіп тұр Сырымбеті.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Емханаға тіркелудің қандай жолдары бар?



00


Комментарии для сайта Cackle