Өлең: Жұмағали Саин (Жаз еді)

Өлең: Жұмағали Саин (Жаз еді)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Майсана майының сұлулыққа пайдасы

Жаз еді хош иісі аңқып жатқан,
Жер сұлу қымбатты әсем алқа таққан.
Майысып қызғалдағы, талы үлпілдеп —
Өзен де күміс суын сылдыратқан.

Бал құрақ, балауса шөп елдің маңы
Тотының секілденіп құбылғаны.
Мың түрлі тәтті күйін балбыратып
Есімде бұлбұл құстың сайрағаны.

Жаз әсем жаным сүйер рақатты,
Құшамын, жас бөбектей қызғалдақты,
Аспаннан тамылжыған күн нұрымен
Төгілсе бұраңдап күй балдан тәтті:

Тыңдаймын рақатқа батып тәнім,
Өмірде ұмытпаймын жаздың әнін.
Оралып аяғыма сансыз гүлдер
Білемін табиғаттың сыйлағанын.

Үніңді жаратамын, бұлбұл, сенің
(Бар ынтам, бар зейінім сенде менің)
Дариядай тасқындаған асау жырдың
Ұнатам мың құбылып төгілгенін.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ақшадан маңызды 11 дүние





Комментарии для сайта Cackle