Өлең: Жұмағали Саин (Жазғы сурет)

Өлең: Жұмағали Саин (Жазғы сурет)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ғашық жұпқа бір-бірінен не керек?

Артымнан ай туғандай,
Алдымнан күн.
Түнде жұлдыз күлімдеп,
Қағады ым.
Мөлдір бұлақ,
Сырлы өзен суы тұнық
Кенет сылдыр етет те,
Болады жым...
Аппақ болып көсіліп,
Бұйраланып,
Бұрқ-сарқ ағып, көпіріп
Жатар жайқын.
Мөлдір судан бетімді
Көрейін деп,
Үңіледі өзенге,
Шыңырау - шың.
Жағадағы көкпеңбек бұйра талдан
Тәптештеп тексерсең де
Табылмас мін...
Суға келер колхоздың
Көп сиыры
Сүтке толған желіні
Керіп бұтын....
Бұлшық еті бұлтиған,
Қаны толық,
Жуан жота,
Тік қабақ
Ісік мұрын,—
Көз алдыма суреті елестейді —
Ауқатты өмір жасаған
Колхозшының.
Күнде қызық, күнде жас
Біздің өмір,
Тасқындай бір тасады
Шіркін көңіл.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Үй шаруашылығына керек кеңестер



00


Комментарии для сайта Cackle