42500 мың теңгені екінші рет алу үшін бірыңғай жиынтық төлемін қайта төлеу қажет пе

42500 мың теңгені екінші рет алу үшін бірыңғай жиынтық төлемін қайта төлеу қажет пе

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "ел тұрғындары 42 500 теңгені екінші айда алу үшін бірыңғай жиынтық төлемін тағы төлеуі қажет пе" деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды nur.kz порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 42 500 теңге әлеуметтік төлемді екінші айда алу үшін қайтадан өтініш берудің керегі жоқ.

"Одан бөлек, төтенше жағдай жарияланған уақытта, яғни 42 500 теңгені алар алдында бірыңғай жиынтық төлемін аудардыңыз. 42 500 теңгені екінші айда алу үшін БЖТ-ны тағы аударудың қажеті жоқ", - деп мәлім етті министрлік.

Соныман қатар ведомство келесі бір мәселеге назар аудартты.

"Өзін-өзі жұмыспен қамтып жатқан азаматтар кіріссіз қалғанын растап, 42 500 теңге алу үшін БЖТ төледі. Егер азамат өзін бейресми жұмыспен қамтушы мәртебесінде қала берсе, Мемлекеттік кіріс комитеті БЖТ-ны әрі қарай төлеуді талап етуі мүмкін. Себебі 42 500 теңгені алған азамат белгілі бір кәсіппен айналысатынын айғақтап отыр. Әйтсе де, бұл мәселені қадағалау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне жатпайды", - деп түсіндірді министрлік.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!