Тұрсынбек Қабатов карантин кезінде қайырымдылық жасауды қолға алды.

Тұрсынбек Қабатов карантин кезінде қайырымдылық жасауды қолға алды.


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Зәрі тоқтаған кісіге дем салу дұғасы

Карантин уақытында халық үйге қамалды. Ал, жомарт жандар қолынан келген көмекті жасап, қайырымдылықпен айналысуда. Әсіресе, өнер жұлдыздары бұдан қалыс қалар емес. Олардың ішінде Тұрсынбек Қабатов бар.

Әзілкеш, актер, "Әзіл әлемі" театрының директоры Тұрсынбек Қабатов карантин уақытында қайырымдылықпен айналысып жатыр. Ол "Біз біргеміз" жобасы бойынша халыққа жақсылық жасауды қолға алды.

"Еліміздегі төтенше жағдай 11 мамырға дейін созылады деді мемлекет басшысы. Содан әрі қарай жағдай түзеліп, ауру деген бәле жойылса, қалыпты өмірге қайта оралсақ деп тілеймін", - деді Қабатов.

Тұрсынбек қорапқа азық-түлік салып, тарату жұмыстарымен айналысып жатыр.

"Жақсылық жасап жарысып жатқан жұлдыздарға алла разы болсын", "Жақсылықтарыңыз еселеп қайтсын", "Сіздер өзге ададарға осылай үлгі көрсетесіздер. Істеріңізге береке берсін", - деді желі қолданушылары .


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Диплом жұмысы қалай жазылады?





Комментарии для сайта Cackle