Алгоритмді әзірлеу 1-сабақ (Информатика, 8 сынып, IV тоқсан)

 Алгоритмді әзірлеу 1-сабақ (Информатика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу
Сабақ тақырыбы: Алгоритмді әзірлеу 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру
8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру
Сабақ мақсаты: есепті шешудің жолдарын ұсына алу
есепті шешу үшін интерфейс құрастыру
есепті шешу тиімділігін арттыру үшін алгоритмдік құрылымдарды қолдану
есепті шешуді алгоритм трассировка арқылы ұсыну.

1. Миға шабуыл: Оқушылар берілген ситуацияны жұпта/топта талқылайды
• Есепті шығару жолын қандай түрде ұсына аламыз?
//оқушылар алгоримтді жазу жолдарын талқылайды:
Кілттік сөздер: блок-схема, қарапайым алгоритмдік тіл, алгоритмнің ауызша/жазбаша сипатталуы, программалық код
• оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау


2. Жаңа тақырып: Алгоритмді әзірлеу
Мұғалім оқушыларға алгоритмді жазудың түрлері туралы толық мағлұмат береді.
Алгоритм жазылуының әрбір түрдің ерекшеліктерін сыныппен бірге талқылайды
вербалды – алгоритмнің ауызша тілде сипатталауы;
символдық – алгоритмнің символдар жиынтығы арқылы сипатталуы;
графикалық – алгоритмнің графиктік фигуралар көмегімен сипатталуы

3. Жаңа тақырып: Алгоритмді әзірлеу (жалғасы)
Оқушыларға есепті шығаруда Программа жасаудың кіріктірілген ортасының компоненттерін қалай тиімді пайдалануға болатыны туралы, яғни қосымшаның интерфейсіне қойылатын талаптарды белгілі бір есеп шығару арқылы талқылау. Интерфейстің үлгісін алдымен қағазда немесе компьютерде жасап алудың маңыздылығын түсіндіру.
Мысалы: Егер де азық-түлік өнімдерінің бағасы (мысалы, килограммға) белгілі болса, онда төленетін ақшаны есептейтін қосымша құру.
Интерфейс талаптары:
ПҚКО компоненттерінен енгізу операциясы үшін компонент таңдай алады
ПҚКО компоненттерінен шығару операциясы үшін компонент таңдай алады
ПҚКО компоненттерінен есептеу операциясы үшін компонент таңдай алады
Түсінікті интерфейс үшін компоненттерді таңдай алады
Программа жұмысын алдын-ала болжай алады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 506



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?