Қайда жүрсең қанатты бол!

 Қайда жүрсең қанатты бол!

Тұнып жатсын төңірегің,
Төрт түлікпен дүбірлі боп,
Думандасын аспан - көгің
Үбірлі боп, шүбірлі боп,
Лебіздерің қабыл болып,
Қайда жүрсең қанатты бол.
Бар айналаң жанға толып,
Қағылезді қарақты бол.
Қонақтарың арылмасын,
Ақ ниеттер жаңылмасын.
Қара ниет қағынбасын,
Ғайбат сөздер таңылмасын.
Көкірегің күрмелмесін,
Жан жолдасың түрленбесін.
Сөзің қисық үрленбесін,
Сезім отың сүрленбесін.
Ақылды бол, нақылды бол,
Елің сыйлар татымды бол.
Әрқашанда жағымды бол,
Жаңылыстырар жауыңды мол.
Бармаймын енді әріге
Дұшпаныңның жолы тарылсын.
Осы айтқанымның бәрі де
Періштенің құлағына шалынсын!
Әумин!

***
Әрқашанда
Несібең арылмай,
Қазаның қаспақты болсын.
Жыл сайын жаңылмай
Сиырың баспақты болсын.
Қолыңдағы берекең –
Қой - ешкің егізден тусын!
Бақ қонып ересен,
Таршылықты
Молшылық жусын!
Түйелерің бошалап,
Жылқыларыңның
Жал - құйрығы сүзілсін.
Аңыз етіп осы алап,
Дұшпаныңның
Көк желкесі үзілсін!
Қысқасы,
Өңірің малға толсын,
Дастарқаның нанға толсын.
Таси берсін байлық,
Жиналып жатсын айлық!
Әумин!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?