Бата-тілек: Досмайылдың батасы

Бата-тілек: Досмайылдың батасы


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тұрмысқа пайдалы кеңестер

Әппақ аққу, әппақ қаз,
Келер жылы болар жаз.
Әппақ көңіл, әппақ таң,
Ғұмыр деген тым - ақ аз.
Көкте ұшқан пірлерім,
Сендермен бірге бірледім
Сендермен ұшып түрлендім.
Тілегімді қабыл ет,
Алдыма келген пендемнің
Сырқауын емде, тездеп жаз!

***
Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,
Бата алған тамам бақсы асқан ата.
Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен,
Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда.

Сөздің басы бісміллә,
Бісмілләсіз іс қылма!
Бісміллә десең Құдай бар.
Жын - шайтан көрінсе,
Сыртымнан әрі қуалай бер...

Бабаларым дем берген,
Өздеріңе қол берген.
Үлкен ата ер аруақ
Талай жерден жол көрген.
Әулиеге дем берген,
Айтар сөзге ем берген,
Жеті өлікке жан берген,
Жеті пірге қол берген.
Жауланбай - ақ келіңіз,
Мына ауруды көріңіз:
Етер бұған ем бар ма?
Салар бұған дем бар ма?
Айтатұғын мал бар ма?
Шығатұғын жан бар ма?
Төңіректі болжаңыз.
Ақылменен толғаңыз,
Әуелі Құдай елді оңда,
Елді ондасаң ерді оңда,
Мұхамметтей пайғамбар,
Айналайын, сен де оңда!
Қалам шіріп мойныңда,
Дұғаларың қойныңда,
Төңірекке көзің сал,
Әлеумет отыр үйіңде,
Санап жұлдыз батырған,
Сарғайтып танды атырған.
Мың кісіге барабар,
Ақсақалды бабаңыз,
Біздер сіздің балаңыз.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Рамазан айы. Күнә істеп жүрген адамның оразасы



00


Комментарии для сайта Cackle