Сақтық бата

 Сақтық бата

Дұшпанның табасынан сақта,
Достың наласынан сақта.
Өмір бойы жазылмайтын,
Жүректің жарасынан сақта.
Шарасыз шерменде болғаннан сақта,
Мезгілсіз солғаннан сақта.
Ағайынға көзтүрткі болып,
Сүмірейтіп қорлаудан сақта.
Сенгенің сатып кеткеннен сақта,
Дұшпан алдында шөккеннен сақта.
Қарғап - сілеп тамам жұрт,
Қаһарын төккеннен сақта.
Үгіліп жылағаннан сақта,
Араша сұрағаннан сақта.
Амалың құрып есеңгіреп,
Қайтып тұрмастай құлағаннан сақта.
Кесапаттың зәрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта.
Қол жайып тілегін пендеңді,
Пәле - жаланың бәрінен сақта.
Әумин!

***
Далақтаған даудан сақта,
Жалақтаған жаудан сақта.
Ашыққан бөріден сақта,
Қара жердің көрінен сақта!
Ашынған ұрыдан сақта,
Құлқыны құрыдан сақта
Дауылдың кәрінен сақта
Жыланның зәрінен сақта
Аяқ астынан кезігер –
Бәле - жаланың бәрінен сақта!
Әумин!

***
Уа, жаратқан ием,
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет.
Ынтымақсыз алауыз,
Қырқыстан сақта.
Әрі тарт, бері тарт,
Жұлқыстан сақта.
Төрінді билер жатыңнан сақта,
Көк долы қатыннан сақта.
Руға бөлінген наданнан сақта,
Жақсылығы өзінен
арылмас адамнан сақта.
Қара жүрек есерден сақта,
Нанды аттаған кесірден сақта.
Кеуде көрген көргенсіз келіннен сақта,
Мезгілсіз келген өлімнен сақта.
Татымсыз тұзыңнан сақта,
Көргенсіз қызыңнан сақта.
Бетіңе күлген сұмнан сақта,
Бетімен кеткен жыннан сақта.
Жалғасқан бәледен сақта,
Бас кетер жаладан сақта.
Қайырсыз малдан сақта,
Қазымыр шалдан сақта.
Адасқан елден сақта,
Ез болған ерден сақта,
Төтенше нәубеттен сақта,
Міндетшіл жекжаттан сақта!
Әумин!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі