Ешкімге бағынғысы келмейтін оқушы ма? Әлде өзіне бағындыра алмайтын ұстаз ба?





Қазіргі таңда XXI- ғасырда студенттердің не болмаса, мектеп қабырғасындағы оқушылардың ұстаздарға бағынбай кетуі туралы мәселе мүлде қозғалмай кетті. Тек қорыққан адамын сыйлайтын, тек соның ғана тапсырмасын орындайтыны рас. Бұл мәселеге келгенде кім кінәлі? Ешкімге бағынғысы келмейтін оқушы ма? Әлде өзіне бағындыра алмайтын ұстаз ба? Біздің елімізде мектеп табалдырығын аттап, оқушы болмаған жан жоқ шығар сірә. Барлығымызда қолымызға әліппе ұстап, екінші анамыздай болған ұстазымыздың бір ауыз жылы сөзіне шаттанып, сапалы білім алып, осы жоғарғы оқу орнына түсуімізге бірден – бір себеп болған сол ұлағатты ұстаздарымыз емес пе? Қазіргі таңда осы ұлағатты жолда аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымызды жаппай адам құрлы көрмеуі, яғни сыйламай кетуі, еңбегінің бағаланбауы жиі кездеседі. Меніңше осы жиі кездесетін мәселеге үш тараптың да кінәсі, үш тараптың да қателігінен болып отыр деп ойлаймын.
Бірінші тарап ол оқушылардың өз кінәсі. Барлық жерде заң бар, сол заң қатал сақталады деген қатып қалған қағидаға сеніп алған. Сол заңға арқа сүйеп алған оқушы не қаласа соны істеп, ал мұғалім тәрбие жолына түсіруде қол көтеруге, не болмаса ауыр сөйлеуге тиым салынған. Себебі заң бойынша амалсыздан солай істеуге тиіс, егер заңға бағынбайтын болса жұмысынан айырылады, не болмаса заң алдында жауап береді. Мысалы: Өз – өзін ұстай алмайтын, басқалардың оқуына кедергі жасап, білгенін істеп отырған оқушыға мұғалім ұрысса «айқайламаңыз, айқайлауға құқыңыз жоқ» - деп, мұғалімдерді ыңғайсыз жағдайға қалдырып, шарасыз күйге түсіреді.
Екінші тарап ол ата – ана қателігі тағы бар. Баласының сабағында, тәртібінде хабары жоқ болса да, үйде отырып алып «қолының ұшы тиетін болсын, сотқа беремін» - деп сотқар баласына тағы да дем береді. Ал бұрыңғы заманғы ата – аналар « еті сенікі, сүйегі менікі» - дейтін ұстанымда еді. Бұл ұстаным ұстаздың ұлы тұлға екенін көрсетеді, сыйластықтың белгісі екенін білдіреді. Қазіргі заманғы ата – аналар бұрыңғы заманғы ата – аналардан сабақ алып, солар ұстанған ұстаныммен жүретін болса нұр үстіне нұр болатын еді. Бұндай ауқымды мәселе қозғалмайтын еді.
Үшінші тарап қателігі ол мектеп басшылығанда және білікті маман жетіспеушілігінде. Яғни мұғалім мамандығына өз қалауымен түсетін және ұлттық біріңғай тестілеуден аз балл алып, әйтеуір бір диплом, бір жоғарғы білім болсын деп ниет еткендер, нақтырақ айтсақ ұстазсымақтар көбеюі себеп болып отыр. Ауылдық жерлерде бір мұғалім бірнеше сабақтан беретінде жайттар жетерлік. Өз ісінің маманы, өз ісін, өз білгенін асықпай жүріп, анық басып баланы білім нәрімен сусындатып жүрген сүйікті, құрмет тұтар ұстаздар мен жай отырып 45 минутын өткізіп жүрген ұстаздардың айырмашылығы жер мен көктей. Жай отырып 45 минутын өткізіп, не айтарын, не үйретерін білмесе ол ұстазға ешкімнің де бағынбасы анық.
«Бала ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Тәрбие тал бесіктен басталады» . Сондықтан ата – ана тәрбиесі үлкен ықпалын тигізеді. Үш тарапта бірдей жұмыла көтеріп осы мәселеге баса назар аударса болашағымыз жарқын болары анық. Болашақ білімді жастардың қолында деп жатамыз ғой. Бірақ тәртіп болмаса, тәрбие болмаса білім болмасы айдан анық. Сондықтан болашағымыз бұлыңғыр болмауы өз қолымызда.

Мәлік Мади Арманұлы
Тұран университетінің 2 курс студенті


Комментарии для сайта Cackle