Сабақ жоспары (ұмж): Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Мәңгілік көктем

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биотехнология
Сабақтын тақырыбы: Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.3.4 гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау
Сабақ мақсаттары: • Гмо-ның артықшылығы мен кемшілігін түсіндіру;
• Гмо-ны қолданудағы туындайтын этикалық көзқарастарды талқылау.

1. Ой шақыру.
Мұғалім оқушыларға «Гендік организмдер игілік пе, әлде зұлымдық па?» видеоны ұсынады. ГМО туралы оқушылардың пікірлері тыңдалады, жетелеуші сұрақтар қойылады:
▪ Гендік модификацияланған ағзалар деген қандай ағзалар?
▪ Қандай ГМО азық-түліктерді білесіз?
▪ Табиғи азық-түліктерден ГМО-ның қандай айырмашылығы бар?
▪ ГМО-ның адам ағзасы мен қоршаған ортаға төндіретін ықтимал қауіп-қатерлер бар ма?
▪ ГМО-ның болашағын қалай елестетесіз?

2. Мақсат қою. Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы мен мақсатын қалыптастыру:
• Гмо-ның артықшылығы мен кемшілігін түсіндіру;
• Гмо-ны қолданудағы туындайтын этикалық көзқарастарды талқылау.

3. «Оқу ақпаратын талдау».
Мұғалім оқушыларға гендік модификацияланған ағзалар (ГМО) туралы оқу ақпараттарын ұсынады. Олар оқу ақпаратымен танысып өзара талдайды, кейін топқа бөлінеді, белгілі бір тақырып бөлігі бойынша жұмыс істейді.

4. «КӘМТ» әдісі.
Бұл КӘМТ әдісі (Күш, Әлсіздік, Мүмкіндік, Тәуекел) оқушыларға мәселенің барлық аспектілерін зерттеуге мүмкіндік береді. Оқушылар топта зерттейтін тақырыпшалар:
▪ ГМО азық-түліктердің халықаралық нарықтарда реттелуі;
▪ Қоршаған орта үшін болуы мүмкін қауіп-қатерлер;
▪ Адам денсаулығы үшін болуы мүмкін мәселелер;
▪ Тірі ағзалардың геномын сақтаудағы этикалық мәселелер.
Оқушылар тақырыпшалар бойынша артықшылығы мен кемшіліктерін, сонымен қатар инновация мен болашаққа болжам ұсынулары қажет. Топтар талдау нәтижесін ұсынылған үлгіде көрсетеді.......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Қос аққудың соңғы сәті



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle