Сабақ жоспары (ұмж): Бұлшықет талшығының жиырылу механизмі (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Бұлшықет талшығының жиырылу механизмі (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қара дақпен күресу

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қозғалыс
Сабақ тақырыбы: Бұлшықет талшығының жиырылу механизмі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.6.2 бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіру
Сабақ мақсаты: • миофибрилла құрылымын зерттеу және сипаттау;
• бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіру.

1. Білімді нақтылау.
Оқушыларға көлденең жолақты бұлшықеттің негізгі бөліктерін анықтайтын суреттер таратылады. Бұдан кейін дәптердегі ақпаратты қолданып, өзара тексеру жүргізіледі.

2. Ой шақыру. Оқушыларды кіші топтарға бөліп, бұлшықет жиырылуының 8 кезеңін сызбамен көрсету тарсырмасы ұсынылады. Тапсырма соңында мұғалім дұрыс жауапты көрсетпей-ақ нәтижені тексереді. Бұл кезеңде мұғалім оқушылардың жақын арада даму аймағын анықтайды.

3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы анықталады, сабақ мақсатын қалыптастырады:
• миофибрилла құрылымын зерттеу және сипаттау;
• бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіру.
1. «Көрген ақпаратты талдау». Оқушылар «Бұлшықеттің жиырылуы» орыс тілінде бейнебаянды көреді. Мұғалім бұл бейнебаян дауысын тоқтатып, өз тілінде түсіндіру арқылы қолдана алады. Бейнебаян көру кезінде оқушылар дәптерлеріне қажетті ақпараттарды жазып отырады.
2. «Реттілігін тап!» тапсырмасы. Оқушыларға бұлшықет жиырылуының басталуы мен оның жүзеге асуы барысындағы кезеңдер тізбелеу ұсынылады. Оқушылар міндеті кезеңдердің логикалық реттілігін анықтау болып табылады:
1. Әрекет потенциалы қозғалыс жүйке талшығының бойымен бұлшықет талшығының ұшына дейін таралады
2. Әрбір жүйке ұштары нейромедиатор ацетилхолинін бөледі.
3. Мембранада орналасқан нәруыздар арасындағы қуыстардан өтіп, ацетилхолинмен басқарылатын көптеген каналдар ашылады да ацетилхолин бұлшықет талшығы мембранасының шектеулі аймағына әсер етеді,
4. Ацетилхолинмен басқарылатын көптеген каналдардың ашылуы бұлшықет талшығы ішіне натрий иондарының көп мөлшерде өтуіне мүмкіндік береді, бұл мембранада әрекет потенциалы пайда болуына әкеледі.
5. Әрекет потенциалы бұлшықет талшығы мембранасы, сондай-ақ жүйке талшығы мембранасы бойымен де өтеді.
6. Әрекет потенциалы бұлшықет мембранасын деполяризациялайды, нәтижесінде пайда болған электр тізбегі бұлшықет талшығының ортасы арқылы өтеді. Бұл саркоплазмалық ретикулумда сақталатын кальций иондарының көп мөлшерде бөлуіне әсер етеді.
7. Кальций иондары актин мен миозин жіпшелерінің
өзара ұстасуына бастама күш береді, бір-біріне қатысты сырғып бұлшықет жиырылуының негізгі процесін түзеді.
8. Секундтың бір бөлігінде саркоплазмалық ретикулум мембранасындағы кальций сорғысы көмегімен кальций иондары қайта сорылып, және жаңа əрекет потенциалы пайда болғанға дейін рентикулумда қалады. Бұлшықет талшығынан кальций иондарының шығарылуы бұлшықет жиырылуын тоқтатады.

3. Көлденең жолақты бұлшықеттің жиырылуына байланысты ерекшеліктерін анықтау.
Дифференциациялы оқыту мақсатында оқушыларға кесте бағанында ақпарат жоқ, әртүрлі % қатынасы бар кесте ұсынылады......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тісті қорғау денсаулық кепілі



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle