Бата-тілек: Мерейтой батасы

Бата-тілек: Мерейтой батасы


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
ӨТ ЖОЛДАРЫН ЕМДЕУ

Той дастарқаны мол болсын,
Берекелі қол болсын,
Тойға келген қонақтың,
Бәріне сәтті жол болсын.
Тілектерің оң болсын,
Жұқармайтын қоң болсын,
Екеуіңнің кигенің,
Алтын жағалы тон болсын.

***
Құрметті той иесі,
Ісіңді тағдыр оңдасын,
Қайда жүрсең қолтықтап,
Қыдыр бабаң қолдасын!
Жамбылға ұқсап көп жаса,
Денеңде дерт болмасын,
Тойың тойға ұласып,
Жан - жүрегің толғансын!
Күннен - күнге көбейсін,
Дос - жараның, жолдасың.
Бақытың тассын әманда,
Бергенін Тәңірі алмасын!
Өміріңді ұзартып,
Бала менен немерең,
Шөберең мен шөпшегің,
Туажаттар жалғассын!
Әумин!
Немереңді өсіріп,
Шөбереңді жетектеп,
Шашқан Алла ырзығын,
Тере бергін етектеп,
Құт болып, мекен тұрағың,
Жайқала берсін құрағың,
Лайланбасын бұлағың.
Жарқырай берсін шырағың,
Жастарың жүзге жеткенше
Тарқамасын бір - біріңе құмарың.
Әумин!

***
Қабыл ғып Алла тілекті,
Қуанта берсін жүректі.
«Алтын тойым болғай» деп,
Тілеумен қанша күн өтті.
Тілекті Алла бергені,
Тойың өтіп дүбірлеп,
Осынша жанның келгені.
Бақытты жандар болыңдар.
Мерейі биік елдегі,
Аруақтар қолдасын,
Жамандық ешбір болмасын.
Дәулетің тасып бұдан да,
Тепсең кетпес басыңа,
Баянды бақыт орнасын.
Ұзақ болып жастарың,
Қызығын көріп балалардың,
Ашық болсын аспаның.
Әумин!

***
Құтты болсын күміс той,
Той дегенің ырыс қой.
Алтын жамбы берсем де,
Екеуіңе дұрыс қой.
Күміс тойдың аяғы,
Алтын тойға жалғассын.
Жарылқасын жандарың
Жүзіндей ақ алмастың.
Таси берсін дәулетің,
Жарасып сән - сәулетің.
Қара қауым ел болып,
Өсіп - өнсін әулетің.
Сыйлы болып бастарың,
Ажырамай жұптарың,
Жүзге жетсін жастарың!
Әумин!

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?



00


Комментарии для сайта Cackle