Сабақ жоспары (ұмж): Популяция санының өзгеру себептері 2-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Популяция санының өзгеру себептері 2-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера, экожүйе, популяция
Сабақтың тақырыбы: Популяция санының өзгеру себептері 2-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.3.1.5 жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін орнату
Сабақтың мақсаттары: Популяция санының өзгеру себептерін түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында популяция дегеніміз не, оның санына қандай жағдайлар әсер етеді деген сұрақтар талқыланады. Популяция санына қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторлары әсер етеді. Оқушылардың жауаптарынан соң мұғалім ендеше бүгінгі сабақта популяция санының өзгеруіне әкелетін себептерді қарастырайық деп сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесіп анықтайды.
1. Популяция дегеніміз не?
Белгілі бір аумақта мекендейтін, шығу тегі бір, ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан біртүрге жататын организмдер жиынтығы.
2. Популяцияға тән қасиеттер
Өсу, даму, көбею, орта жағдайларының өзгерісіне бейімділігі, генетикалық шығу тегі, экологиялық жағдайлар жатады.
3. Популяция тығыздығы дегеніміз не?
Белгілі бір аймақтағы немесе кеңістіктегі даралар санының жиілігі
4. Популяция саны дегеніміз не?
Нақты бір аумақтағы дарақтардың жалпы саны
Сабақтың ортасы
Мұғалім таныстырылымның көмегімен жыртқыш-құрбан қатынасы кезіндегі жыртқыш пен құрбан популяциялары санының өзгеруін сипаттап шағын түсіндірме береді.
Оқушылар ұсынылған жыртқыш пен құрбан популяциясы санының өзгеру графигін ауызша сипаттап береді.
Графиктерді оқу және талдау алгоритімі: Мұғалім оқушыларға графиктерді талдау алгоритмін көрсетіп, оны бағалауға арналған дескрипторларды ұсынады.
Графикті сипаттау алгоритмі.
1. Графикте тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды анықтау.
2. Максималды және минималды көрсеткіштерді көрсетіп құру (мысалы, температура, даралар саны).
3. Координата нүктелері (мысалы: 2000 жылы, 200 адам, 300 дара 2010жылы.)
4. Графиктегі қисықтарды анықтап, олардың төмен не жоғары болу себебін сипаттау....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Арапа күні туралы не білеміз?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle