Сабақ жоспары (ұмж): Популяция санының өзгеру себептері 1-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Популяция санының өзгеру себептері 1-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Махаббат тағдыры!

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера, экожүйе, популяция
Сабақтың тақырыбы: Популяция санының өзгеру себептері 1-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.3.1.5 жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін орнату
Сабақтың мақсаттары: Популяция санының өзгеру себептерін түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға бактериялардың өсуі туралы анимация көрсетіліп, бактериялар популяциясының шексіз өсуі мүмкін бе сұрағы талқыланады. Оқушылардың «мүмкін емес» деген жауабына тоқталып бактерия популяциясының өсуін қандай факторлар шектейді деген сұрақ қойылады. Оқушылардан кез келген популяцияның өсуін шектейтін факторлар бола ма деп сұрай келе сабақтың тақырыбы, мақсатына тоқталып, бағалау критерийлерін таныстырады.

Оқушыларға мұғалім жыртқыш –құрбан санының өзгеруі көрсетілген графикті ұсынады. Сонымен қатар жыртқыш-құрбан санының өзгеруі көрсетілген анимацияны қарай отырып оқушылардан осы екі ағза популяцияларының санының өзгеруін сипаттау тапсырмасын ұсынады.
Оқушылар анимация немесе видеоматериалдар мен графиктің көмегімен жыртқыш пен құрбан популяцияларының сандық өзгерістерінің себептерін тізіп жазады.
Мұғалім оқушыларға популяция санының өзгеру графиктеріне талдау жасауды тапсырады.
Графиктерді оқу және талдау алгоритімі: Мұғалім оқушыларға графиктерді талдау алгоритмін көрсетіп, оны бағалауға арналған дескрипторларды ұсынады.
Графикті сипаттау алгоритмі.
1. Графикте тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды анықтау.
2. Максималды және минималды көрсеткіштерді көрсетіп құру (мысалы, температура, даралар саны).
3. Координата нүктелері (мысалы: 2000 жылы, 200 адам, 300 дара 2010жылы.)
4. Графиктегі қисықтарды анықтап, олардың төмен не жоғары болу себебін сипаттау

Мұғалім популяция санына әсер ететін факторларды қосып жазу тапсырмасын береді.....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Рамазан айы. Ораза. Ұмытып ішіп-жеу



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle