Сабақ жоспары (ұмж): Популяция. Ағзалардың тірі қалуы. 1-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Популяция. Ағзалардың тірі қалуы. 1-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Күндіз түні ойымда

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера, экожүйе, популяция
Сабақтың тақырыбы: Популяция. Ағзалардың тірі қалуы. 1-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.3.1.3 популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау
8.3.1.4 ағзалардың түрлі тірі қалу тәсілдерін зерттеу
Сабақтың мақсаттары: Популяцияның құрылымын сипаттау
Ағзалардың тірі қалу стратегияларын түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға жастық құрам, жыныстық құрам, тығыздық, туылым мен өлім жітім, популяция саны, популяция сөздері таратылып беріліп осы сөздердің популяциямен байланысын анықтау тапсырмасы ұсынылады. Оқушылардың жауаптары тыңдалғаннан соң мұғалім сабағымыз не туралы болуы мүмкін деген сұрақ арқылы сабақтың тақырыбын ашып, мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырады.
Сабақтың ортасы
Мұғалім популяция құрылымы мен қасиеттерін сипаттап шағын түсіндірме береді. Таныстырылымда түсіндіру кезінде оқушыларға сұрақтар қойып, олардан мысалдар келтіруді сұрау арқылы белсенді әңгіме жүргізіледі.

Оқушыларға тірі қалу стратегиялары туралы ақпаратпен танысу ұсынылады.
Мұғалім оқушыларды жұптарға немесе топтарға бөліп шығармашылық тапсырма орындауды тапсырады.
Ол үшін:
- Кез келген бір популяцияны таңдап алу
- Таңдап алған популяцияны сипаттау
- Популяция дараларының тірі қалу стратегияларын мысалдар арқылы түсіндіру
- Популяция санының өзгеруіне әкелетін факторларды тізіп жазу
- жұмыс нәтижесімен сыныптастарын таныстыру
Оқушылар бұл жұмысты орындау үшін таныстырылым, видеоматериалдар, ақпараттарды пайдалана алады.
Мұғалім оқушылардың жұмысына бағыт беріп, сұрақтар қойып тиісті кері байланысты ұсынады. ....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Әжетханаға кірерде оқылатын дұға және Әжетханадан шығарда оқылатын дұға



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle