Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдері. (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдері. (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
ҚАНТ ДИАБЕТІ

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі, оның түрлері және тәбиғаттағы биологиялық маңызы. Өсімдік өсіруде өсімді жолмен көбею тәсілдерін қолдану. Қалемшелеу, сұлатпа өркен, телу (калемшелермен және көзшелермен), көбею ұлпаларымен.
Практикалық жұмыс: « Өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін зерттеу»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар істей алу:
- өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдерін салыстыра алу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- өсімдіктердің вегетативті көбею ерекшеліктерін және түрлерін білу;
- өсімдіктердің вегетативті көбею ерекшеліктерін анықтау;
- өсімдіктердің вегетативті таралу әдістерін ажырата алу;
- бөлмелік өсімдіктер отырғызу бойынша вегетативті көбею тәсілдерінің бірі туралы практикалық тапсырма орындайды.
1. Сыныпты ұйымдастыру.
Оқушылар оқытушымен және бір-бірімен амандасады, сыныпта ынтымақтасу атмосферасын қалыптастыру, оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалау.

2. «Миға шабуыл» стадиясы.
Оқушылармен сабақтың тақырыбын, мақсатын және жетістік критерийін тұжырымдау.
(Жұ) Оқушылар жұппен жұмыс жасайды және адамның өз практикалық іс-әрекетінде жыныссыз көбеюдің қандай тәсілдерін қолданатыны туралы талқылау жүргізеді? (Өсімдіктің вегетативті көбеюі).
Вегетативті көбею терминіне анықтама беледі. Оқішылар өсімдіктердің қай бөліктері вегетативті көбейетіні туралы естеріне түсіреді.

(Б) Мұғалім оқушыларға вегетативті көбеюдің тәбиғи және жасанды түрі болатынын түсіндіреді.
Тәбиғи – адамның қатысуынсыз жүреді.
Жасанбы – адамның қатысуымен жүреді.
Оқушылар вегетативті көбею туралы дәптерлеріне кесте жасайды, өсімдіктерден мысал келтіреді. Алынған нәтижелерін мұғаліммен талқылайды.
Вегетативті көбею
Өсімдіктің жер асты бөліктері Өсімдіктің жер үсті бөліктері
Пиязшықтармен (Лалагүл, Қызғалдақ)
Тамырсабақ арқылы (бегония, Жалбыз)
Түйнек арқылы (Картоп, Топинамбур)
Тамыр атпасы арқылы (Бұта тәрізді өсімдітер)
Тамыр қалемшелері арқылы (Түрік көкнәрі)
Жапырақ қалемшелері арқылы (бегония)
Сабақ қалемшелері арқылы (қарақат, танқурай)
Телу арқылы (алма, алмұрт)
Мұртшалар арқылы (құлпынай, жидек)....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ең сұлу әйел



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle