Өсімдіктегі жыныссыз және жынысты көбеюін сипаттау (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

 Өсімдіктегі жыныссыз және жынысты көбеюін сипаттау (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктегі жыныссыз және жынысты көбеюін сипаттау
Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты: • Өсімдіктегі жыныссыз және жынысты көбеюін сипаттау (жаңа тақырыпты меңгеру)
Сабақ мақсаты:• Жынысты және жыныссыз көбею формаларын ажырата алу
• Әр түрлі өсімдіктер мысалында өсімдіктердің көбею түрлерін зерттеу.
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, зейінін шоғырландыру, топтастыру.

(І) Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа тақырыпты ашу миға шабуыл әдісі арқылы жүзеге асады.
-Жалпы тірі ағзаларға тән қасиеттерге не жатады?
-Тіршіліктің үздіксіздігін, ұрпақ жалғасын қамтамасыз ететін тіршіліктің қай қасиеті деп ойлайсыздар?
-Көбеюдің табиғаттағы маңызы қандай?
-Қандай көбею формаларын білесіздер?

(С) Өсімдіктің көбею жолдарының әртүрлі сызбаларын ұсына отырып, олардың арасындағы айырмашылықтарды анықтауын сұрай отырып, сабақтың мақсатына көшу.

(Тж) Топтағы оқушылар иллюстрацияларды көбею типі (жыныстық және жыныссыз) бойынша екі топқа бөледі. Оқушылар өз таңдауларын түсіндіреді. Қорытындылар шығарады.
Жаңа оқу мақсатын меңгерту.
(Т) Мұғалім сыныпқа оқыту мақсатымен, бағалау критерийімен, (Көбею түрлері және жыныссыз көбею әдістері туралы алдыңғы білімдерін қолданады. Жынысты көбею жыныссыз көбеюден қалай ажыратылатынын салыстырады, қорытынды жасайды. Жынысты және жыныссыз көбеюді сипаттайды. Жыныссыз көбею түрін анықтайды, жыныссыз көбейетін 5 өсімдікті мысалға келтіреді.) жаңа ұғымдармен терминдерді 3 тілде таныстырып, бағыт береді.
Көбею формалары туралы ақпараттандыру жүргізеді.
Видеоқойылым көру, сыныпта талдау.
(Жж немесе Т) Әрбір жұпқа өсімдіктің көбею жолдары туралы шағын ақпараттар парақшаларын таратып, оқушылар ақпаратпен танысып,жазбалар жазып бір-біріне сұрақтар қояды, талқылау жүргізеді.
(Жж) Оқушылармен бөлме өсімдіктері және бақша өсімдіктері мысалында көбею тәсілдерін талқылау. Мәтіннен, компакт-дискілерден алынған ақпараттарды пайдалануға болады.
Өзінің идеялары туралы қысқаша жазбалар жасап, жынысты және жыныссыз көбеюді салыстырады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 557



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!