Баянсыз хикая

 Баянсыз хикая

Кез-келген адамның өмірінде махаббат атты киелі сезім бір оралары хақ. Мұны әркім әрқилы ұғынары және бар.
Сұлулығы көздің жауын алған, сымбаты жүрек сыздатар жаныңды қоярға жер тапқызбас нәркезкөз аруларды шыққыр көзін шалғанда, қандай күй кешесін?! Бармақ тістеп, ойыңды астан-кестен етеді-ақ. Жә, бұл жай әләуләйім ғой... Бәрінен бастан кешкен, өзің куә болған Азат пен Айдананың арасындағы хикаяны сөз етіп көрейік. Жаздың жаңа ғана ыстық үрлер уағы. Бірнеше күн шойын жол шиқылы миды жеген солдат вагонынан құтылар сәтке сәл ғана уақыт қалған. Туған жер! О, неткен ыстықсың. Неткен ғажапсың?! Сенің құшағында жүргенде біз мұңдар сезінбеппіз ау! < br /> Вагоннан поезд тоқтар-тоқтамастан секіріп түстім. Жерді құшақтап, аймалап, қайраң анашымның құшағында тұрғандаймын. Айналамда не болып жатқаныммен шаруа жоқ. Екі жылғы сағыныш, наз, күйініш, жапа бәрі-бәрі тізбектеліп, көңіл таспасынан жылдамдатқан түрде өтіп жатты. Әсіресе батыстық ұлтшылдықтың, қорлаушылықтың шеменді сәттері оған қарсыласқан менің қылығым өзекті өртеп, көзімнен жас болып парлап жатты...көзімді сүртіп, басымды көтерсем, әкем Айдар, інім Данияр тұр ектелеп. Ұшып тұрып әкемнің апайтөс құшағына қойдым да кеттім.
Бұрын менен еңселі, қақпақ жауырын әкем еңкіштеніп қалған сыңайлы. Сағыныш мауқымызды басып, жөн-жоба сұрастық.
Әкемнің көк “Жигулисімен” әп-сәтте үйге де жеттік. Біздің көк шатырлы үйдің маңы нөпір адамдар. Ауыл адамдары. Бәрі менің әскерден келген салтанатыма жиналыпты.
- Пәлі, Айдар мен Күләш ақ түйенің қарнын жарар. Бүгін жасамаған той енді қашан жасалар. Өзі еңгезердей, аптал азамат болыпты. Әке-шеше тілеуі осындай-ақ болар.
Сол күні-ақ әкем семіртіп отырған ту биесін сойып, аяқ жетер жердегі бар ағайын-туысты шақырып, ұлан-асыр той тойлады.
Көңілді той екі-үш күнге созылды. Әке-шешем мәз. Менің көңілім алаңдаулы. Мен екі жыл бойы хатымен жүрегімдегі сырлы сазымды әуездеткен үшкілді хаттары кейінгі екі-үш айда шорт тоқтағанына қатты қапалымын-ды.
Қатты ырды-дырдудан шаршаған бойы төсегіме енді қисайып едім, қарындасымның жұмсақ жүрісінен оқыс серпіліп, басымды көтердім. Ол үнсіз үлкен конвертті ұсынып сыртқа ұмтылды.
Тұла бойым ду етіп, дегбірсіздікпен ашып, оқи бастадым.
“Қымбатты, Азат! Борышыңды аяқтауға санаулы күндер қалды. Сенің саушылықпен, аманшылықпен оралуыңа тілектеспін. Сен, Азат, жаным менің! Кешірші, мен бейбақты! Мен сөзімде, сертімде тұра алмадым. Мен ойлаушы едім, тек сені ғана өмір бойы сүйемін деп. Бірақ олай болмай шықты. Мен басқа біреуді сенен де артық сүйіп қалдым.
Бірде ауылға көрші Бұланбай атаның жиені келді, қыдырыстап. Мен оны көргеннен сені көргендей болдым. Күнде бұлшық еті бұлтылдап, денесін шынықтырады. Ата екеуі кер бестіні жегіп, шөп шабуға кетеді. Кешке өзен басында кездесеміз. Ол ат суарады, мен су аламын. Енді оны көрмесем, тұра алмайтын болдым. Анда-санда сенің елесін көңіл түкпіріненн жылтылдағанмен, оның бейнесі күн сайын ұзара түсті. Оның үстіне көрші Әлияның да сөзі қамшы.
Ол: “Ой, Мараттың әкесі Астанада өте мықты көрінеді. Өзі де білдей университетте мұғалім боп қалыпты. Бұ жігіттің етегінен ұстаған қызда не арман бар, шіркін?!”
Сөйтіп, Марат екеуіміз әп-сәтте көңіл жарастырдық. Бүкіл өзіңе деп сақтаған барымды, базарымды ойда жоқта кезіккен сол жігітке оп-оңай бере салдым. Хош! Өмір деген ойлағандай болмайды екен.

***

Айдана мен Азат кішкенеден бірге өсті. Бір-біріне лайық деп ойлағандай жандар-ды. Ойы, бойы, сөзі, көзқарасы. Екеуі ауылдың ажары еді. Қыз-бозбаланың сәні еді. Ләйлі мен Мәжнүнге, Қозы мен Баянға теңеуші еді көргендер. Мектепті бітіргенше жұптары жазылмаған қос ғашықтың хикаясы ойда жоқта оңай-ақ аяқталады деп ешкім ойламапты да...

***

Арада біраз жыл артта қалды. Азат оқуын жалғады. Мемлекеттік қауіпсіздік академиясын тәмандап, елге дипломын алып келе жатқан-ды. Айтпақшы, жанында болашақ жары Бағила бар. Екеуі шет елдік көлікпен қаланың қиқы-жиқы көшелерін әзер артқа сап, енді үлкен жолға шыға берісте аялдамада қол көтерген бейтаныс әйелге тоқтады. Жанында жетелеген 3-4 жасар баласы бар әйел машинаға мініп жатты. Бұлар артқы орындықта болатын, әйел арттағы екеуін байқамады.
Осы кезде қиқылаңдаған маскүнем жігіт машина есігіне жармасты. Үсті-басы адам көргісіз.
- Әй, әй, қатын. Мені тастап қайда барасың? Жердің тесігіне кіріп кетсең де табамын.
Аш, қане, есікті.
- Аға, жүріңізші, қазір мынау мені өлтіреді. Оқыс қозғалған машина жүріп кетті.
- Әй, қорлықта өткен басым-ай. Осы жігіттің өңіне, әкесі мен байлығына қызығып,
сүйгенімді сатып ем. Не істейін? Бәрі де көзді ашып-жұмғандай өтеді екен ғой. Көрмеген қорлығым, көрсетпеген зәбірі қалмады ғой. Осы иттің алдауына түсіп, өмірімнің осындай боларын білгенде, қайран Азатымды тастар ма едім? Арттағы Азат жарына, жары оған сұраулы көзқараспен бір-біріне қарады. Ұзамай Азат іштей:
Сен түсінбексің, түсінбексің,
Байлық пен билікті биік депсің.
Махаббат ол бәрінен ардақты,
Қасиетті екеніне мән бермепсің.
Мен болсам сол құдіретті іздеп өтем,
Жолыққанша табаным тілімделсін,
Алла атынан ант етемін, ант етемін,
Махаббаттың бар екенін әйгі етемін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі