ZHARAR | 🇰🇿 ✅ | Махаббат хикаялары | Ең тәтті мектеп кезіндегі шақтарым

Ең тәтті мектеп кезіндегі шақтарым

 Ең тәтті мектеп кезіндегі шақтарым
Бұл оқиға менің ең тәтті мектеп кезіндегі шақтарымда орын алды. Он бірінші сынып оқып жүріп бір жігітпен таныстым. Басында жай ғана жүре берем деп ойлаған едім, кейіннен қатты бауыр басып кеттім. Екеуіміз талай күндерді бірге өткізіп бақыттан басымыз айналғандай болды. Енді міне мектеппен қоштасар сәт те келді, аман есен мектебімізді бітіріп, екеуміздің жолымыз екіге айырылды. Ол Өскеменде оқуға қаламын деді, ал мен Семейдегі Медицина Университетіне түстім. Ол маған апта сайын келіп тұрды, екеуміз күнде хабарласып, агенттен сөйлесіп тұрдық. Мен оның маған деген сезіміне еш күдіктенген жоқпын.

ОЛ мені ешқашан тастамайды деп ойладым, себебі екеуміз жақын қатынаста болдық, және үйлену тойымызды да белгілеп қойған болатынбыз. Ал бірақ мен екінші курс оқып жүргенде жаман оқиға болды.
Мен аяғым ауыр болғанын екі ай болғанда білдім, қуанышымда шек болмады себебі өзім жанымнан да артық жақсы көретін адамымнан жүкті болған едім. Жігітіме айттым, ол да риза болғандай болды. Бірақ сол күнгі телефон қоңырауынан кейін менің өмірімнің астаң кестеңі шықты.
Түстен кейін сабақтан шыққан уақыт еді. Қолым босай қалса оған қонырау шалатынмын, сол күні де өз өзіме риза болған мен оның номерін телефонымда тердім. Ар жақта телефонды көтерген қыздың дауысын естігенде жүрегім зырқ ете қалды. Топтасы екен деп ойлап едім. Бірақ ана қыз өзіме дүрсе қоя берді: сен кімсің, неге қонырау шаласың деген сұрақтарымен.

Мен телефонды қоя салдым. Біраздан соң жігітім өзі қонырау шалды, маған айтпаған сөздерді айтып, маған сенбейтінін айтты. Мені Семейде жүргендіктен басқа жігіттен жүкті болдың деп маған кінә артты, мен көз жасым көл болып аялдамада әрең тұрдым. Қуанышымды су сепкендей күй кештім. Ешқашан да мұндай сұмдықты басымнан кешпеген едім. Үйге қалай жеткенімді білмедім. Есік алдына келіп қалай құлағанымды да білмедім.
Көзімді ауруханада аштым. Маған баламнан айырылғанымды айтты. Сол кездегі кешкен күйімді ешкімнің басына бермесе екен. Бүгін ауруханадан шықтым, сендермен осы оқиғаны бөліскім келді. Жігітім болса әлі хабарласқан жоқ, енді ешқашан оның жүзін көргім келмейді. Ол менің бүкіл өмірімді құртқан адам ретінде есімде мәңгі қалады, бірақ барібір де оны ұмытуға тырысам, себебі ол мені құмарлыққа айырбастап кетті.

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Аико - Вчера, 23:13
Жақсы мен Жаман

Жаксы исимен

Гость Айгул - Вчера, 21:20
Ағылшын тілі (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Мустекова Айжан Алжанбаевнаа - Вчера, 20:57
Сертификат алу !!!

Жұмысымыз бағаланып сертификат алсақ өте тамаша! Сіздерге көп рахмет!

Гулжан - Вчера, 19:46
Қазақ тілі Т1 (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған ренжімей 5сыныптың қазақ тілін 1тоқсаның тжб мен бжб сын жыберіп беріңізші

Белгісіз жан - Вчера, 18:06
Информатика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Саламатсызба маған 5 сынып

Амина Абдалиева - Вчера, 17:57
Информатика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Информатика 6сынып тжб керек жауабы болмаса болмасын

Гость Аружан - Вчера, 17:30
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Матемнен тжб 1 токсан керек

Маша - Вчера, 17:23
Денсаулық туралы шығарма, эссе

Оче по поводу работы на работу не хочешь со мной общаться не хочешь со мной общаться не хочешь со мной общаться не

Алижан - Вчера, 15:25
Туған күн

Менин атым Алижан мен 12Жастамын

ахмет - Вчера, 15:20
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

5 сыныптагы 1 токсандагы жауабын бериндерши😖😖😖