ZHARAR | KZ | Махаббат хикаялары | Махаббатымды агенттен таптым

Махаббатымды агенттен таптым

 Махаббатымды агенттен таптым
13 ақпан 2011 жыл. Бүгін күндегіден ерте ұйқыға жатқам. Үйде жалғыз жатқанда күнде телевизор қосып ұйықтайтынмын. Сол күні де телевизор қосып ұйықтап қалдым, терезеге қатты ұрылған дыбыстан шошып оянып кеттім, оянсам бөлме қараңғы. телевизор өшірулі, свет жоқ екен. терезеге сабалап ұрылған ағаштың дыбыстары екен. Қатты қорыққанымнан агентімді қостым, түнгі 3 те кім отырсын ешкім жоқ. Содан қосылып тұрған адамдарды іздедім қорқынышымды сейілту үшін. Өзімнің фамилиям бойынша қосылып тұрған адамдарды іздесем 4-5 адам онлайнда отыр екен оның 2 адамына достық хатын жібердім. Ешкімнен жауап болмады соны күтіп жатып ұйықтап кетіппін. Ертеңгі күні кештеу агентке кірсем достық хатын жіберген екі адамның біреуінен жауап келді. екеуміз ұзақ сөйлеспедік, ол қолының тимей жатқанын айтып менім ұялы телефонымның нөмерін сұрады. Мен нөмерімді бердім. Шамалыдан соң тойға бара жатқанын айтып түнгі 1-2 лер шамасында хабарласатынын айтып звондады. Түнгі 1 ден өте жаңағы жігіт хабарласты. Әңгімеміз ә дегенде жарасып сала берді. Екеуміздің алғашқы әңгімеміз ата-анамыз туралы болды. Екеуміздің ата-анамыз өте ұқсас екен. менің де оныңда папасы мен мамасы өнерге жақын адам болып шықты. Содан телефон арқылы арамыз өте жақын болып кетті. Күнделікті бір-бірімізге ммс -пен суретімізді жіберіп, сағат сайын хабарласып тұрдық. Қуанышымызбен қайғымызды жасырмай айтып отырдық. Мен оған көрмесемде қатты бауыр басып кеттім. Мен оны қатты сүйетінімді түсіндім. Сағынышым көздің жасына ұласып телефонда отырып жылапта алатынмын. Мамамда жеңгемде ағамда ол жігітке қатты бауыр басып қалды. тек папама айтуға ұялып жүрдім. Мен қатты дауыстап телефонмен "Қошақаным", "Қонжығым", "Жаным"т.б. еркелікке толы сөздеріммен еркелетінмін. Ол жан да мені "Жан қалтам", "Жаным" т.б. сөздерді айтып тіпті телефонмен өлеңдер айтып беретін, еркелететін. Осылай бір бірімізге тәтті, қымбатта сөздерді айтумен күндер де, айларда өтіп жатты. Содан 172 күн дегенде екеуміз кездестік. Ол жан менім үйіме келіп ата-анаммен ағам жеңгелерімен танысты. Үй ішіме өзінің жақсы, көпті көрген жігіт екенін көрсете білді. екеміз қол ұстасып қыдырып сырларымызды ақтарып, болашаққа деген жоспарлар жасап менім қас ымдағы 2 күнде өте шықты. Қайтатын сағаттар жақындаған сайын менім де оның да көзімізден жас та кетпеді. Содан папам мамам мен үшеуміз ол жігітті поездға шығарып салдық. Енді 18 күн өтті. Екеуміздің сағынышымыз одан сайын арта түскендей. Болашаққа жасаған жоспарларымыз өте көп АЛЛАМ қаласа екеуміз отау құрғымыз келіп отыр. Ол енді болашақтың еншісінде болмақ. Бәрі де жақсы болса мен сіздермен тағыда бір сырымды бөліспекпін. Мен өз сүйгенімді осы ғаламтор арқылы тапқаныма қуаныштымын.

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Омар Абдуррахман - Вчера, 21:33
Орыс тілі (русский язык) (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

5 сынып орыс тілі бжб

Гость demo - Вчера, 19:48
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

ааа

Даржан - Вчера, 19:36
Саналы ұрпақ - жарқын болашақ

Саналы ұрпақ -ол жастайынан ұлтының бар болмысын бойына жинаған,елдің өсіп,өркендеуіне деген қадамдарын нық әрі,

багжан - Вчера, 19:22
Қазақ тілі Т1 (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

маган казак тили керек еди 8сынып бжб 1 токсан

Гость Самал - Вчера, 19:19
Информатика (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Ақниет - Вчера, 17:56
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған да керек бар болса бере аласыздар ма☺

Гость Асем - Вчера, 15:43
Мұқағали Мақатаев (Қазақстан)

казакстан

Жансель - Вчера, 15:20
Абай Құнанбаев (Желсіз түнде жарық ай)

Өлең күшті және әдемі

Гость Назерке - Вчера, 14:51
Өмірлік мәні бар кеңестер

Памаги

Жумагул Назерке - Вчера, 14:25
Жаратылыстану (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Отырык