Ұмытпа мені

 Ұмытпа мені

Бұл парақ жолдарын алғашқы махаббатым туралы жазамын. Мен өмирде алғаш сүйіп,алғашқы махаббатымды кездестірдім. Ол сондай көңілді,ақылды,қызғаншақ,сүйкимді ,мейірбан жан. Оны алғаш рет мектепте кездестірдім. Оқушымыз ол 9 оқып жатқан,ал мен ерке 8 сыныпта оқитынмын. Өмірде махаббатсыз өмір сүру мүмкін емес-ау. Махаббат бірде қуаныш,бірде қайғы. Ол маған алғаш рет телефон соққаны,алғаш рет онымен сөйлескенім,маған сөз айтқаны бәрі бәрі әлі күнге дейін есімде. Ол қандай болмасын мен оны ұнаттым, шын сүйдім. Мен оны мектепте көргенде менен бетер бақытты жан жоқ секілді көрінетін.
Сөйтіп ол 9 бітіріп қалаға оқуға кетті. Ал мен 8 бітірдім. Осы уақыт аралығында ол айтатын жаным 3 жылдан сон уйленейік деп. Несін жасырайын ол маған оқуынан кейін маған мектепке келіп тұратын байланыс үзілмеді. Сағынышымыз ұлғая түсті. Арамызда келіспеушіліктер болып тұрды, түбі татуласатынбыз. Күндер өте ол да өзгере түсті. Мен естіген жаңалықтар менің шын сүйген махаббатым туралы болатын. Шын ба ,өтірік па мен оны сондада сүйдім.

Сүюден жалықпадым. Ол менің жүрегімді жаулағанда ,жаралағанда жан еді. Көзімді ашсам да жұмсам да түс көрсемде ,терең ойға кетсем де , сол бір сүйген жаным,алғашқы махаббатым. А----— көз алдыма елестейді де тұрады. Ол маған айтатын СҮЙЕМІН сен үшін бәрін де істеймін,түбі бірге боламыз деп. Сүйдік,сағындық,кездестік асыға. Кешкі уақыттар,кездескен жерлер,жүрген ұзын жолдар ұмытылмас. Сағынған күндер,күндер көруге асықтырған.

Сол бір 45 минуттың өте шығуына ,өте шығып сені көруге,тым болмаса сенің махаббатпен қараған күлімсіреген бет жүзінді. Иә,өте шықты сол бір жылдар,есте қалар уақыттар. АНТРАКТА-----Саған деген сезім өшті тұншықты. Сол қызбен кетіп маған оралып,жаным шаруасы бітті онын деп қайта келдін. Жоқ жоқ сен ақымақсын менін адал сезіміммен ойнама. Қош қош айтыстық. Арқайсысымыз өз жолымен кетті. Мен жоғары оқу орнына түстім. Мен оны ешқашан ұмытқан емеспін. Ол менің жүрегімде. Сағынышымды студенттік кез басуда. Алдағы өмірде жолын болсын. АЛҒАШҚЫ МАХАББАТЫМ ұмытпа мені. Кәзір мен 4 курс студентімін. Жігітім бар. Ал алғашқы махаббатым үйленген. Бірақ ұмыттым десем де есте ғойййй бәрі де.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!