Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)



Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі
Сабақ тақырыбы: Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.4.1.3 АҚШ-тағы капиталдық монополиялардың даму ерекшеліктерін анықтау
7.3.2.6 еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау
7.4.2.2 қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің арасындағы айырмашылығын анықтау
7.2.1.2 миссионерліктің міндеттерін анықтау
Сабақ мақсаттары: АҚШ-тың Жапонияны «ашу» себептерін анықтау.
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

БЫМ/Б
Оқушыларға сұрақ: XIX ғ. АҚШ-тың экономикалық дамуы туралы қандай қорытынды жасалды?
Оқушыларың бірнеше жауаптарынан кейін слайд көрсетіледі.
Слайдта қызыл түсте 3 мемлекет белгіленетін карта бар: АҚШ, Қытай және Жапония.
Талқылауға арналған сұрақ: XIX ғасырда картада елдер қалай бөлінді? Оқушылардың кез келген жауаптары қабылданады.

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.
Б оқушылар назарына XIX ғ. АҚШ төрт кәсіпкерлердің суреті ұсынылады. Сұрақ: -тұлғаларды не байланыстырады?
Қысқа талқылаудан кейін, оқушыларға АҚШ экономикасының қарқынды дамуына үлесін тигізгенін атап өтіңіз.

Т Топтарды кәсіпкерлердің пайда болуына қандай факторлар ықпал етуі мүмкін екенін талқылауға және ұсынуға шақырыңыз, неліктен кәсіпкерлердің саны аз болса да, олар XIX ғасырдың аяғында АҚШ-тың дамуына әсер етті?
Азамат соғыстан кейінгі АҚШ экономикасының қарқынды дамуы туралы ақпарат беріңіз (Қосымша 1). Шарттарды объективті және субъективті түрде бөлу ге тапсырма беріңіз. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша қорытынды жасаңыз.
Б топтардың жауаптарын тыңдап, өзара бағалауға мүмкіндік беріңіз.
Дескриптор:
- кем дегенде үш тұжырымды жіктеді.
-кәсіпкерлердің пайдалу болу себептері бойынша қорытынды шығарды.
Оқушыларға әлем картасын беріңіз. Сұрақ қойыңыз: американдық бизнестің одан әрі дамуы үшін не қажет? (әлемдік нарыққа шығу). Оқушылар әлем картасын зерттеп, «19-шы ғасырда АҚШ қандай елдермен жаңа сауда қарым-қатынастарын орнатқысы келеді?» деген сұраққа жауап беруі керек. Сыныпқа кейбір логикалық болжамдар жасауға мүмкіндік беріңіз.
Уақыт сызығын пайдаланып, XV ғ. Жапонияның жағдайын еске алыңыз. XIX ғасырдағы ахуалды қысқаша түсіндіріңіз. Жапониядағы миссионерлер рөлін анықтауға мүмкіндік беріңіз, Византияның табысты дипломатиясымен салықтыру (христиан миссионерлерінің Үндістан мен Қытайға енуі).
Ж Жапонияның «ашылуына» қатысты фактілері бар таратпа материал беріңіз. (Қосымша 2). Оқушылардың мақсаты оқиға бойынша тізбектелген әңгіме құрастыруы қажет.
Б өзін-өзі бағалау үшін дұрыс жауаптар парағын беріңіз.....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle