Сабақ жоспары (ұмж): АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді? (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді? (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қазақта ұмыт болып бара жатқан боза сусыны

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі
Сабақ тақырыбы: АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.2 - XIX ғасырдағы Америка Құрама Штаттары территориясының кеңею үдерісін сипаттау
Сабақ мақсаттары: АҚШ-ты батысқа қарай кеңейту жолдарын анықтау.
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

БЫМ/Б

Тәуелсіздік соғысы кезінде АҚШ картасын оқушыларға көрсетіңіз. Сұрақтарды талқылаңыз:
- АҚШ аумағы картада көрсетілген шекарада қалады ма? Неліктен?
- аумақтың кеңеюі қай бағыт бойынша кең етек алады?
Картаны талқылаған кезде, оқушылардың көзқарасы АҰШ аймағының кеңеюі батыс бағытта жүретініне көз жеткізеді.
Сабақ барысында оқушыларға АҚШ аймағын кеңейту жолдарын анықтайтынын түсіндіріңіз.


Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.
(Б) XIX ғасырға дейін алғашқы еуропалық елді мекендерді құрғаннан кейінгі оқиғалар туралы уақыт сызығын пайдалана отырып, оқушылардың есіне түсіріңіз.
(Т) Карточкалар жиынтығын таратығыңыз (1-қосымша), оның көмегімен оқушылар АҚШ-қа сипаттама жасайды және аумақтарды кеңейту қажеттілігін түсіндіретін себептерді анықтайды.

XIX ғасырда Америка Құрама Штаттары аумағының кеңеюі туралы ақпарат және 1900 жылғы АҚШ-ың түрлі-түсті картасын беріңіз (2-қосымша). Оқушыларды кескін картада (Қосымша 3) аннексияланған аумақтарды белгілеуге тапсырма беріңіз.
Дескриптор:
- кем дегенде бес аймақты белгілейді.
- кем дегенде екі әдісті ұсынады.

(Б) Тапсырма нәтижелерін талқылап, топтарға кезекпен қорғауға мүмкіндік беріңіз, ал басқалар фактілерді қосады немесе өзгерте алады.
Суретші Джордж Кэтлиннің американдық жазық бейнесін көрсетіңіз. Төменде берілген сұрақтар төңірегінде ойлануға тапсырма беріңіз:
- бұл аумақтарда адамдар тұрды ма?
- Жергілікті тұрғындар батыс аймағын дамытқан кезде жағдайлары қандай болады? Неліктен?
- Қазіргі заманда байырғы тұрғындарға көзқарас қандай?
Осы аймақтарда тұратын халықтың бейнесін көрсетіңіз.

(Ж) Жұптарға үндістер шайқастары туралы ақпарат ұсыныңыз (4-қосымша), (бейне ресурсын пайдалануға болады). Оқушылар колонистер қолданған әдістерін анықтауы керек.
Дескриптор:
- үндістерге қарсы кем дегенде екі күрес әдісті анықтайды.

(Б) Аталған әдістер туралы оқушылардың пікірін талқылаңыз:
- неліктен діни колонистер мұндай әдістерді қолданды?....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ғибрат Бала тілімен



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle