Сабақ жоспары (ұмж): XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Тағдыр тауқіметі (3 бөлім)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі
Сабақ тақырыбы: XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.2.2 өнердегі негізгі стиль мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау
7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану
Сабақ мақсаттары: ХІХ ғасырдағы өнер мен әдебиеттегі әлеуметтік әділетсіздік әдістерін анықтау.
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

БЫМ/Б
Оқушылар назарына XIX ғ. классикалық стильде жазылған суретпен Ван Гог немемсе бесқа бір импрессионизм стилінде жазылған суретт көрсетіледі. Талқылау сұрақтары:
-суреттер арасында қандай айырмашылықтар бар? Неліктен?
- суреттердің арасында қандай ұқсастықтары бар?
Оқушылардың кез келген жауабы қабылданады.
Сабақ барысында суретшілердің қолданған әдістерімен танысатыны туралы айтып кетіңіз.
Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.
Т XIX ғ. орын алғантүрлі стильдерде салынған суреттер топтамасын ұсыныңыз (Қосымша 1). Оларды стилі бойынша топтарға бөліп, таңдауды түсіндіріңіз.
Б кейбір топтар таңдауларын ұсынады, өзге топтар жауаптарды толықтыруы мүмкін. Жалпы белгілерге назар аударыңыз. Талқыланғаннан кейін оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Т оқушыларға өнер стильдері бойынша ақпараттық мәтін таратылады. Оқушылар салыстырмалы кесте толтырады. (Қосымша 2). Жалпысыныптық талқылау.
Дескриптор:
- әр стильдің кем дегенде үш ерекшелігін анықтайды.
-әр стильдің пайда болуына әсер еткен факторларды анықтайды.
Ж Оқушыларға Домьенің әлеуметтік таптарды сипаттайтын үш картинасын ұсыныңыз: 1 класс вагоны, 2класс вагоны және 3 класс вагоны. Сонымен қатар, ағылшын суретшісі-карикатуршы. Д.Личтің иллбстрацияларын көрсетіңіз (Қосымша 3). Ортақ белгілерін, өнердегі стилін анықтаңыз.
Б Жұптар жауаптарын қорғайды. Мұғалім кері байланыс беріп отырады.
Дескриптор:
- кем дегенде бес ортақ белгілерін анықтайды.
-өнердегі стильді анықтайды.
Берілген суреттер топтамасы индустриалды қоғамға тән әлеуметтік теңсіздікті сипаттайтынын атап кетіңіз. Бұл мәселені тек суретшілер ғана емес, жазушылар да көтерді. Бұл стиль- сындарлы реализм деген атқа ие болды. Жаңа ұғымды талқылаңыз.
Б Ч. Диккенстің «Оливер Твист» романынан үзіндіні беріңіз (Қосымша 4) шығармада әлеуметтік әділетсіздік қалай көрініс тапты?.....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, не істеу керек?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle