Қызғаныш

 Қызғаныш

Университетте өзін мойындату үшін бойындағы талантын, жігері мен білімін аяған емес. Сосын өзі басқарып отырған тобындағы басқа қыздар сияқты ешқашан көз жасына ерік беріп, сәл нәрсеге жас шығара бермейді. Осы табандылығы – марқұм анасынан дарыған сияқты. Мына өмірдің «жылағанды жұбатуға емес, жұдырықтауға құмар» екенін ерте түсінген балғын қыз – өз достарын қашан да сабырға, күресуге шақырудан тайған емес. Ақкөңіл, мінезі жеңіл, ақ жарқын қыз. Дегенмен тереңнен ойлайтын, өзгелерге қашан да қамқор, адал жан.
Өзіне рухани жақын, бір-бірін жақсы түсінетін досы Нұржанмен таныстығы да қызық басталған болатын. Университетке жазғы маусымда құжат тапсыру науқанымен, қалаға келген беті еді. Вокзалда теріс қарап сыныптасы Бауыржан тұр. Құлағына тосқан телефоннан тіпті қолы тиер емес. Ауылда асыр-салып, алыса кететін мінезімен Гүлзат Бауыржанның арқасына жүгіріп кеп мініп алып еді! Мұны күтпеген жігіт қызбен қоса жерге құлаған. Орнынан тұрғанда Гүлзаттың байқағаны – мына жігіт қалқан құлақ Бауыржан емес, мүлдем бөтен жігіт екен. Дегенмен түрлері нде ұқсастық бар. Сыртынан қарасаң құлақтары айнымайды екен... Ұялып екі беті алаулап кетті...
Таныстығы осылай қызық басталған екеуінің арасы кейін үлкен достыққа...дұрысы, берік махаббатқа ұласты. Гүлзат осылай ойлайтын...
Бірақ оның мына қабағында болар-болмас мұңның табы байқалады. Жаңағы құлағына жеткен жаңалық – бүкіл өмірін көз алдына алып келді. Өмірінде дәл бүгінгідей денесі түршікпеген шығар-ау. Тек туған анасының қайтыс болғанын естігенде ептеп жүрегі шымырлап, тұла-бойын осылай діріл жайлаған болатын. Өзінің жалғандағы жалғыз сенімді серігі санаған Нұржаны – Қаламқаспен жарасып, бүгінгі кешке сол қызбен баратынын естігенде, қызғаныштан жанын қоярға жер таппаған. Нұржанның бүгінгі қылығы – Гүлзатты өмірінде болмаған, байқалмаған сезімге т үсірді. Күні-бойы оқу ғимаратында бұған ләм деп тіл қатпақ түгілі, мойын бұрып та қараған жоқ. Құрбысынан естігені мынау. Дегенмен бұл қызғанышын ішіне түйіп, кешке болатын мерекеге өз тобындағы ең момын бала Ерқанатты ертіп бармақ болды. Бірақ сұр жемпірін үстінен тастамайтын бұл жігітпен бірге бару... Әй, тәуекел!
Ерқанаттың өзіне ықыласы ерекше екенін білетін қыз өз қулығын асырмақ ниетпен, досына хабарласты.
- Алло, Ерқанат, сәлем. Мен ғой Гүлзатпын, таныдың ба? Кешкі мерекеге нешеде шығасың, мүмкін бірге барармыз. Иә, сені сағат 7-де күтемін. Сосын сұр жемпіріңді емес, басқа киім киші үстіңе, жарай ма? Ал, кездескенше!
Шаруа шешілді. Енді күн тәртібіндегі қыз бала үшін нөмірі бірінші мәселе – «не киемін?» деген сөз. Әрине үстіне ілгені – Қаламқастың киімінен көш ілгері болуы керек! Алайда, анадан жетім қалғалы бері нағашысының үйінде тәрбиеленіп келе жатқан Гүлзаттың жарқыратып бір киетін киімі де жоқ-ты. Бірақ бұл үшін қайсар қыз ешқашан налып көрген емес, нағашысы Аллаға шүкір, мүмкіндігінше бұған қарайласып келеді. Жеңгесі де кісілігі мол, ерекше жан. Гүлзат осыған дән риза.
Нағашысының қыздары да әлі кішкентай қыздар. Құрбыларынан көйлек сұрауға тағы ыңғайсыз....М.м.м.. не істесе болады?
Ойына алғаш келгені – жеңгесінің өткен жұмада сатып алған қызыл көйлегі еді. Бойшаң тұлғасына жеңгесінің көйлегі тұра қалды, тек...екі жеңі сәл-пәл...сәл-пәл емес-ау, тым ұзындау боп калды. Айна алдында әрі-бері күйбеңдеп, жеңіне не амал қыларын білмей тұрғанда, көзіне алдымен түскені – айна алдындағы қайшы болды...
Міне, екі жеңі «жаңа үлгімен» қиылған қызыл көйлек киіп, ұзын шашы иығын жапқан сұлу қыз мереке өтетін орталыққа жетіп те қалды. Бұрылыстан өте бере өзіне қарай аяңдаған Ерқанатқа көзі түсті. Иә, көзі түсті! Осы сәт Ерқанат ерекше көз тартарлықтай еді. Себебі Ерқанат та дәл бір Гүлзатпен келісіп алғандай, үстіне қып-қызыл көйлек киіп алыпты. Екеуін көрген жұрттың мысқылынан қысылда ма, кім білсін, Гүлзат Ерқанаттан шеткерірек жүрді. Маңайдағылар да бейне бір екеуін әдейі аңдып тұрғандай, осыларға қарап күліп тұрғандай болды.
Бірақ адуынды, өжет қыз өзгелердің мысқылды көздерінің арасынан өзіне жақын бір жанарды іздеумен болды. Тіпті тәмпіш мұрын Қаламқас та көрінер емес...
Университеттің қыздар күніне арналған бүгінгі кешін белсенді студент-жастар ұйымдастырып, көптеген қызықты бағдарламалар қойылуда. Нұржан да ең белсенділердің бірі болатын, бірақ кеш бойы көрінбегеніне қарағанда қойылымға араласпайтын сияқты. Біреулер мақталып, марапатталып жатыр...Енді біреулері ойынға қатысып мәре-сәре болып жатыр... Бірақ Гүлзат өзіне Ерқанаттың көрсетіп жатқан, дұрысы - көрсетуге тырысып жатқан құрметін елейтін емес.
Кеш ортасына таянғанда ғана Қаламқастың қашан да қатулы жүретін қабағы көрінді-ау... Қаламқастың қабағының түксигені - үстіне киген қара көйлегінің етегі секілді жиырылып тұрады екен. Біздің қыз іштей бір мырс етті. «Осының бір жадырап жүретін күні жоқ. Нұржан қай қасиетіне қызығып, қасында жүр екен?» Қаламқас та Гүлзатта ақысы кеткендей ала көзбен бір атып, мырс етті де дәл оның тұсындағы орынға кеп жайғасты. Орталарын сахнаға апарар жол ған бөгеп тұр. Бәлкім қазір оның жанына Нұржан да кеп жайғасар...Бірақ ол қайда жүр?
Осы сәтте сахнаға «Сегізінші наурыз» болып киінген әртіс шығып, бұларға қарай жақындады. Түр-әлпеті көрінбейді, тек микрофонмен айтқан тілектері таныс дауысқа ұқсайды. Бұл жігіттің Нұржан екенінде күмән жоқ. Міне, ол ортамен бойлап келіп, қыздар қауымын құттықтады да, қолындағы бір құшақ раушан гүлінің бір талын Қаламқасқа ұсынды. Айналадағылардың алдында Қаламқастың беделі өсіп мәз болды да қалды. Елдің назары осы жақта. Гүлзат мына қорлыққа шыдамай, шығып кетпек боп орнынан тұра беріп еді, аяқ киімі үстелдің аяғына шалынып... омақасÐ ° құлады! Жұрт қыран-топан күлкіге қарық болды. Нұржан бетіне киген пердені сырып тастап, Гүлзатқа көмектеспек ниетпен ұмтылды. Орнынан тұрған қыз үсті-басын ретке келтіріп әуре. Осы сәт жігіт бір құшақ раушан Гүлзатқа беріп жатып, құлағына әлдене деп сыбыр етті. Қалың жұрттың күлкісі сап тыйылды. Бұл сыбырды бүкіл көрермен де естіген болатын, себебі микрофоны қолында тұрған Нұржанның дауысы бүкіл залды алып кетті.
Осы күннің соңында екі ғашық махаббаттарының берік екенін бүкіл университет алдында дәлелдеп, Гүлзат Қаламқастың арқасында қызғанышын мойындады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі