Жиырма сегізінші наурыз

 Жиырма сегізінші наурыз

Жиырма сегізінші наурыз сенің туылған күнің және екеуміз танысқан күн. 2007 жыл...Сенімен танысып та, махаббаттың татті дәмін сезініп те, сенен айырылып та үлгерген жыл. Өмірімдегі сынаққа түскен қиын жылдардың алғашқысы осы шығар. Аллам қатты сынады. Отбасымызда болған жәй бір есеңгіретіп, тіпті есейтіп жіберді. Ол аздай саған деген сезімім миымды жаулап алды. Бұлай құлай сүйем деп кім ойлаған. Қалай өмір сүріп жүргенімді өзімде білмеймін. Сағаттар, минуттар сені ойлаумен өтеді. Сенімен айрылысқаннан кейін қыркүйееееек, қазааааан деген айларға жету мен үшін қорқынышты еді. Бірнеше ай емес, алдымдағы бір аптаны сенсіз елестету қиын болатын. Сенің үнсіз жоғалып кеткіненің қатты соққы болып тиді. Сенімен кездеспей тұрғанда қалай жүргенмін, білмеймін. Сенімен кездескенде мүмкін өмірдің мәнін, махаббаттың тәтті дәмін сезініп қалдым ау деймін. Жүрегімдегі махаббат сезімін ояттың да, озің жоқ болып кеттің. Сені аңсап тұратын болдым.
Сонда да пенде болған соң өз өміріңді сүресің. Сабақ. Үй. Достар. Бәрі орнымен жүріп жатты. Білесіңбе соның бәрі ненің арқасы. Жүрегімнің түбінде сенімен қайта қосылатыныма үміт бар. Өйткені сенсіз өмір сүре алмайтындаймын. Ол үмітсіз тіптен өмір сүре алмаймын. Кундер өткен сайын, уақыт өткен сайын менің бекер үміттеніп жүргенімнің белгісі еді. Сонда да үмітсіз-шайтан.
Солай сабақ бітті. Жазғы каникул. Үйдемін. Бәрі жұмыста. Күні бойы үйде жалғызбын. Ең сорақысы осы екенғой. Ой жеп жібереді. Сағынамын. Екеуміз қыдырған парктің жанынан өту тіпті азап. Жүрегім шымырлап кететін. Ой айта берсем........
Сосын күнделік жазуды бастадым. Жаза беретінмін. Жаза беретінмін. Күнделігімді біреу оқыса қаншама жыл отау құрған адамымен ренжіскен ғашықтың жазғаны секілді көрінетін еді. Қайдан білсін, бір айда бірге жүріп үлгермегенімізді. Кейде өзімде таң қалатынмын. Сонша аз уақытта солай ғашық болып үлгеруге болады ма. Алдамшы сезім шығар деп те ойлайтынмын. Басқа біреу кездессе бірден ұмытып кететін шығармын деп те ойлағанмын. Махаббатымды өтірік дегенге қарағанда сол алдамшы сезім дегенім өтірік болып шыққан сияқты. Сонша уақыт ұмыта а лмай жүргеніме қарағанда.
Сенің туған кунің куні сені құттықтаймын. Сонда барі орнына келеді. Екеуміз сөйлесіп кетеміз. Сен де мені жақсы көресің. Біз бірге болу керекпіз.(Әйтпесе мен қалай өмір сүремін). Міне, осы оймен күндер өтіп жатты. Тіпті сені құттықтап жазатын өлең жолдарын дайындап қойдым. Саған айтатын әңгімем сондай көп. Бәрі миымда куніне миллион рет қорытылып, миллион рет көз алдыма елестетінмін. Ойымнан сенің маған мейрамыңмен құттықтамағаныма ренжігенің шықпайтын. Қалай, не болғанын түсіндіріп жатқаным, сол тоғызыншы мамыр күні неліктен саған б ара алмағаным ,бәрін- бәрін саған ойша кунде сан рет қайталап түсіндірем. Саған алған сыйлығым, кішкентай браслет, сенің және менің атым жазылған, менің ең қымбат затыма айналды. Ол саған арналғанғой. Ол иесін табу керек. Міне осындай қияли ойлармен өмірім өте өте өте ақырын өтіп жатты. Сырым....... Сені қалай жақсы көретінімді білсеңғой.
Көктем келді. Жақын қалды. Сенің туылған күнің жақындап келеді. Менің бақытты күнім жақындап келеді. Гүлнұр тұрмысқа шықты. Сол мен үшін «қаралы күн» деп аталатын тогызыншы мамыр күні Гүлнұр бір жігітпен танысып, мен соның қасында тұрып(Гулнұрды танымайтын жігіттің қасына тастап кеткім келмей, қайдан білейін кейін куйеуі болатынын, оны білгенде сенің кластастарыңмен арбатқа саған кетіп қалатын едімғой) саған жете алмай қалғанмын. Менің ойымша соның кесірінен сен мені тастап кеттің. Гүлнұрдың ұзату тойынан келіп, ертесі Меруерт екеуміз арбатқа қыдыруға кетіп бара жатқанбыз. Сол күні сені көрдім. Сен сондай әдемі болып қасымнан өтіп кеттің. Басыңды ақыырыыыыын ғана изеп. Біреу келіп шапалақпен тартып жіберсе бұлай ауыр тимес еді. Әлемді су басып жатса да бұлай ауыр тимес еді. Ойлашы, сол адам үшін бәрін құрбан етуге дайынсың. Сол адам үшін бәрін ұмытасың. Күніне қанша сағат ояусың, сонша уақыт сол жайында ғана ойлайсың. Сенің адам болып тұрғаның миың мен жүрегің. Сол миыңда, жүрегің де сол адам деп соғады. А ол жәй ғана әрең әрең басын изеп амандасып өтіп кетеді.

Біл меймін,мүмкін тоқтап , қал жағдай сұрасып, өзің жайлы бір ауыз сөз айтып, тіпті өтірік болса да қызым бар деп айтсаң мұндай қиналмас едім. Мен өмірімнің мәні деп жүрген адам үшін мен ешкім емеспін. Тіпті адам сияқты амандасуға тұрмаймын. Ойым он, санам сан салада болды. Ия, өмір мен ойлағаннан қатал екен. Бұл сенің туған күніңе он бес күндей қалған болатын. Ал, Жанат, құттықта махаббатыңды. Осы уақытқа дейінгі өмірім тәтті түс сияқты екен. Сен қасымда болмасаңда сенімен бірге боламын деген ой бақытты күндер қатарына жатқызуға болады ек ен. Козімнен қанша жас ақса да, жүректің сыздағанына ешқандай ем бола алмады. Уақыт - емші, уақыт өте ұмытамын деп ойладым. Қанша уақыт өтетінін сол кезде сезбеппін. Сол сені ұмытуға арналған уақыт әлі өтіп келеді. Бес жыл өтті. Мүмкін ендігі ұмытқан да шығармын. Қазір ештеңе сезбеймін. Саған деген махаббатым өзімді де мезі қылып жіберді. Сенің телефоныңды, жоқ, сенің жұбайыңның телефон номерін тапқанда осы жолы сезіміме нүкте қойылатынын сездім. Сырымның әйелімін деген сөз бәрін орнына қою керек еді. Сенің әйеліңнің бар екенін білгенде сенің сол күні амандаспай өтіп кеткеніңді де түсінген сияқтымын. Үйленген адамның қылығына сай. Сол саған ессіз ғашық болып жүрген күндердің бірінде сен туралы естігенмін. Жұмысында бір қызбен жүреді екенсің. Ол қыз аяғы ауыр, бірақ сенің отбасың қарсы болғандықтан ол қыз баланы алдыртып тастапты деп. Ішімнен Сырым баласын алдыртпайды деп ойладым. Бірақ сенгім келмеген болу керек. Бұл әңгімені тез ұмыттым. Ары қарай жақсы көріп жүре бердім..енді міне бес жыл өткен соң сенуге тура келді. Ұмытатын да уақыт келді. Әрине, бірден қаншама жылғы ойлар, сағыныш, тәтті қиялдарды бірден ұмыттыра қойған жоқ. Бірақ соған келе жатқан сияқты...
Менің алғашқы махаббатым.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?