Махаббат - бұл ғажап әлем!

 Махаббат - бұл ғажап әлем!

Махаббат - бұл ғажап әлем! Шын сүйген адам бұлттардың арасында қанат бітіп ұшып жүргендей сезінеді. Өмірдің өзі махаббаттан тұрады: анаға, әкеге, бауырларына, туыстарына, дос-жаран, құрбы-құрдас... сүйген жарын...балаларын... Осының бәрі махаббат! Мұндай сезім болмаса өмірдің баяғыда-ақ мағынасы кетер еді...

Меніңше ең бастысы - бұл бір адамды сүю және сол адамның сүйіктісі болу! Бірақ өмірде барлығы кіршіксіз емес, бір адам біреуді сүйеді, ол адам өзгені сүйеді...тіпті болмаса екі жас бір бірін сүйеді бірақ тағдыр тәлкегінің ағысымен бірге бола алмайды...Осыдан келіп жауапсыз махаббат, қайғыға толы сезім, тіпті болмаса соңы трагедиямен аяқталатын хикаялар туындайды. Дегенмен бұл өмірдің заңы, бұдан ешкім қашып құтыла алмайды және оны ешкім өзгерте алмайды. Әрбір адамның тағдыры - өз қолында екенін ұмытпағанымыз жөн. Өзгелерден мін іздей бергенше, өзіңді де сынға алған жөн.

Аллаға шүкір, мен сүйемін және сүйіктімін... Өмірімнің барлық қызығы енді сол адаммен байланысып жатыр. Оның мен үшін орны тым ерекше және оның барлық қылығын сүйемін. Әрине, қарым-қатынас болғаннан кейін, әрбіріміз бір бір үйдің еркесі болғандықтан келіспеушіліктер, түсініспеушіліктер болып тұрады, бірақ мен оның ер азамат екенін, ал өзімнің нәзік жанды қыз бала екенімді ешуақытта ұмытпауға тырысамын.
Қыздар! Баянды бақыт - ең бастысы әйел адамның қолында. Жаксы әйел - ерінің басын төрге сүйрейді деген бар. Шын қаласаңыздар жаман еркектің өзінен керемет азамат шығаруға болады. Тек жүректе сезім, көңіліңізде ниет, басыңызда ақыл-парасат болса болғаны. Қазіргі заманда "идеалды" келін болу үшін барлық мүмкіндік жасалған. Бояныңыз, әдемі киініңіз, әдемі сөйлеп, қылықты қыз болсаңыз, осының барлығын ұштастыра білсеңіз - Сізден ешқандай "Бред Питт" кете қоймас!

Әрқашанда өзіңіздің "Меніңізді" жоғалтпаңыз. Мен оны сүйеді екенмін деп басыңызды төмен қатты имеңіз, өзіңіздің қадіріңізді бағалаңыз. Егер Сізді қайғыға батыратын жігіт болса еш ойланбастан бас тартыңыз! Қыз қалай көп болса, жігіттер де солай көп, Сіздің қадіріңізді түсінетін жанның табылатынын ұмытпаңыздар!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?