Бәрін уақыт көрсетер

 Бәрін уақыт көрсетер

Мектепте оқып жүрген кезім. Жаңа оқу жылы басталған. Күз айларының керемет күндерінің бірінде ағамның үйіне көмектесуге барғанмын.Ағам жаңа үй тұрғызып жатқан. Тамақтарын істеп беруімді өтінген.Ж ны сол күні көрдім.Ол ағамнын досынын ұлы екен.Көмектесуге келіпті.Сол күні кешке дейін ол менен мен одан көз алмай жүрдік.Оның жасы менен кіші екенін мен кейін білдім.Бірақ олда маған кедергі бола алмады. Мен оны қатты ұнаттым.Өз үйіме қайтарда сол шығарып салсын деп әдейі кеш қалып кеттім.Ия ол мені шығарып салды.Бірақ жол бойы үндемеді.Жанында інім де бар еді.Үйге келген соң інімнің жағдайын білгенсіп смс жаздым.Кейін ол звандады.Ұзақ түн сөйлестік.Мені ұнатып қалғанын айтып сөз салды.Сенде 3 ақ вариант бар дейтін;ия,жарайды,әрине жаным.Ол мені осылай сөздерімен жаулап алды.Біз небары 1аптадай ғана сөйлесіп,1ақ рет кездестік.Мен сонын өзінде оған қатты бауыр басып қалдым.Бір күні ойламаған жерден маған одан "Екеуміз жүрмей ақ қояық"дег ен смс келді.Звандайм алмайды,смс жазам жауап жоқ.Мен қатты қиналдым.Барлық адамды соның атымен атаймын.Күнде түсімде коремін.Қатты сағынып жүрдім.Інімнен оны аяғынан атып кетіпті дегенді естідім.Ашумен неге жүрегінен атпайды дегеніммен қатты уайымдадым.Оған апаруын өтіндім.Бірақ оған бара алмадым.Бір күні ол ешнарсе болмағандай звандайды.Смс жайында ешнарсе білмеймін дейді.Бірақ айырылысқысы келген адамдай мен ауырып жатқанда неге іздемедін деп жоқ жерден ұрыс шығарып,давай деп тұтқаны қоя салды.Содан екеуміз екі жаққа кеттік. Мен жаныма жалау іздегендей өзмше сыныптағы бір ұлға ғашық болып жүрдім. Негізі маған оның мінезі мен үлгілі отбасы ұнайтын. Олда маған жақсы қарап жүрді.Тіпті мектепте мұғалімдерде бізді ғашықтар деп ойлайтын. Шын мәнінде біз жақын достар ғана екенбіз. Ол маған тек дос ретінде қарапты. Біз бірге Алматыға оқуға тапсырдық. Мен тіпті оған өз сезімдерім жайлы да айттым. Ол жақсы жауап бермесе де менен қашқақтамай бұрынғыша араласып жүрді. Бірақ тек дос ретінде. Мен оның туылған күніне сыйлық жасап,сезімімді дәлелдегім кеп жүрді.Әрине менікі д ұрыс болмады. Мен қыздық намысымды аяққа таптағандаймын. Мен оған шын ғашықпын деп ойлап,бүкіл арманымды соған байланыстыра құрып жүрдім......Кенет барі өзгерді.Демалысқа үйімізге қайтқанда Ж ны қайта кездестірдім.Оны алі де сүйетінімді түсіндім.Жаңа жыл түні ол маған бір өтінішпен келіпті.Менін сіңілімді ұнатып қалыпты.Мен рұхсат етсем кездескісі келеді.Әрине мен келіспедім.Жақсы көріп,қызғанып тұрсамда "сені жек көрем,жақын адамдарымның жанынан көргім келмейді" дедім.Күндер өте берді.Оны екінші рет сыныптастардың кездесуінде көрдім.Маған қайта сөз салып,сіңілімді ұнатпайтынын,оны ұлдармен бір құнды затқа бәс тігіп істегенін айтып сендірумен болды.Жүрекке әмір жүрема мен сенгендей болдым.бірақ кейде күман келтіремін.
Біз қайта кездесе бастадық.Ол алдын жүргенімізде маған деген еш сезімі болмағанын,кейін айырылысқан соң ғана мені сүйетінін түсінгенін айтты.Мен оны қайта сүйдім.Барлық қателігін кешірдім.Тіпті ол менімен жүріп тағы бір қызбен сөйлесіп жүрді.Оны кейін білдім.Екеуін айыруға бар күшімді салдым.Ақыры дегеніме жеттім.
Қазір біз біргеміз.Болашақта үйленеміз деп жүрміз. Бірақ мен онымен бірге болудан қорқамын. Оны сүймегеннен емес.........Ол өте бұзық ортанын балаларымен араласты.Тіпті бір жолы істі болып,шартты жаза алған.Мен оның өзінен қорықпаймын.Біздін болашағымыздан қорқамын. Менін ата-анам бізге рұхсат етпейтін сияқты. Кейде өз өмірімді оған сеніп тапсыруыма болама деп те ойланамын. Не дегенмен жақсы ортаға келін болып,бақытты болғым келеді. Онында ата-анасы жақсы адамдар. Мәсееленін барі өзінде. Ата-анам кейде тіпті оның жасының кішілігін,оның омі рде жетістігі жоғын алға тартатын сияқтанады да тұрады.Мен өзім өмірде көп нәрсеге қол жеткіздім. Ата-анамның көмегінсіз оқып жатырмын. Соған қарай өздеріне лайық куйеу бала күтулері де орынды ғой.Анам үнемі жар таңдауда қателікке жол берме деп отырушы еді. Егер үйім келіспесе бәріне қолды бір сілтеп махаббатымның артынан еріп кетем деп ойлаймын кейде.Бірақ үлкендерге қарсы келуге де қорқамын.Ата-анамның қарғысын емес алғысын алғым келеді.Бәрін уақыт көрсетер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!