Күндіз түні ойымда

 Күндіз түні ойымда

Мен анамның айтқан әрбір сөзіне еш қарсылық танытқан емеспін. Анам не десе сол болады. Тіпті мамандық таңдауыма да әсері тиді, бірақ мен осы күнге дейін анамның бұрыс айтқанын корген емеспін. Мен анамның көңіліне кірбің жүрегіне жара салудан қорқамын...
Бәрінің бастауы қалаға оқуға түсуімнен басталған еді. Мен 2009шы жылы (орта) мектеппен қоштасып қалаға оқуға түстім. Мен тек оқуды ойлайтынмын. Ал жігіт жайында еш ойлаған емеспін. Өмірде бір адамға ес түссіз ғашық болу дегенде естігенде күлкім келетін. Кейде қыздардан бір жігіт үшін өлуге бармын дегенді естігенде олар неге осыншалықты ақымақ деп ойлайтын едім. Сол кездері өзімнің де осындай күйді кешетінім үш ұйықтасам түсіме кірмейтін еді.

Сүйгеніммен танысуыма септігін тигізген агент еді. 2011ші жылдың сәуір айында менің класстас құрбым маған жиі хабарласып, сөйлесіп тұруымыз үшін маган мир ашып берді. Менде агентте тек жақындарым ғана болған болатын, басқа адамдарды еш қабылдап сөйлеспейтін едім. Сәуір айында не жын түрткенін білмеймін бір баланың авторизациясын бірден қабылдадым. Ол екеуіміз бірден тіл табыса алмадық,жиі урысып тұратынбыз. Бірде ол кездесуге шақырды. Мен бірден келісімімді бере қойған жоқпын. Ол менің туыстарымның үйіне қарама –қарсы уйде тұрады екен, біз сол дворда кездестік. Ол маған бір көргеннен ақ ұнады, тіпті бұрыннан таныс адамдар сиқатты сөзіміз де жараса кетті.
Сол күні ол маған менің логинымды қайдан алғанын айтқан болатын, ол менің группаласым Бақытбектің жан досы болып шықты. Осылай ша екеуіміз де кездесе бастадық, алғашқыда бәрі тамаша еді, ол екеуіміз кездескенде мен бақыттан басым айналып, төбем көкке бір елі жетпей тұрғандай күйде болатынмын. Мен тіпті өзімнің сезімдерімді сыртқа шығармауға тырысатынмын, тіпті жанымдағы жақын құрбыларымнан да жасыратын едім. Ғ ашық болып қалдым деп айтуға ұялатынмын. Ол маған сезімдерін білдіріп менің сезімдерімнің қаншалықты екенін сұрағанда мен басқа жанды сүйемін деп айтатын едім. Сол суйген адамымның озі екенін ол сезбейтін де еді. Осылайша қалай екі айдың зулап өте шыққанын байқамай да қалыппын. Мен әрқашан өзімнің ішкі сезімдеріммен арпалысуда болатынмын. өмірде өзім қорыққан жағдайлар өз басымнан өтіп жатқанын сезетін едім.
Мен өмірімде бірінші рет осылайша ғашық болып, бауыр басып қалғанымды ойлай бастасам одан алыстауға тырысатынмын. Оған жіпс із байланғым келмейтін. Осы уақытта ол маған басқа қыздардан ерекше екенімді дәлелдеуге тырысатын және мен оған сенбейтінмін оның қыздары көп екенін сезетінмін. Ол мені әрқашан менің жадымда боласың деп ЖҮРЕК деген ат қойған болатын. Ол ЖҮРЕК деп айтқан сайын мен одан айырылғым келмейтінін сезінетінмін. Оның мамандығы бойынша практикасын Шахтада өткізді. Сол күндер мен үшін қорқынышты күндер болатын. Ол мені уайымдатпас үшін Шахтаға түскенін және шыққанын ескертіп смс хаттарын жіберетін. Сонда да мен ол үшін қатты алаңдайтынмын.
Менің осы бақытты күндерім ұзаққа созылмады. Бірде мен онымен кездесуге кеткенде үйдегі агатай ата-анама қыдырып кетті деп айтып қойыпты,ол айтқанымен қоймай мамама сіздің қызыңыз соңғы кездері бұзылып жүр, бөтен қылықтары шыға бастады, өзіңіз ақылыңызды айтыңыз деп айтыпты. Мен онымен кездесіп бақыттан басым айналып уйге келгенде маған анам хабарласты. Бар жағдайымды сұрап сөз соңында тек бір ғана сөз айтты: “мені өлтірмесең таста ” деді. Мен мұндай сөзді еш күткен емеспін көп ойландым, одан еш айырылғым келмеді. Оған басқа біреуді ұнатамын сені тек оны ұмыту үшін пайдаландым деп алдадым да қоштастым. Ол күнде хабарласып бір кездесуімізді өтініп сұрайтын. Мен онымен кездессем өз өзіме ие бола алмай қаламын ба деп қорқып қашқақтайтынмын. Сол кездері мен әлемдегі ең бақытсыз адаммын деп сезіндім. Бірақ әрқашан ол менің жадымда болды, жүрегім тек қана сол деп соғатын. әттең анамның айтқан бір ауыз сөзі тоқтататын еді.....................................................
Сөйтіп күндер өтіп жазғы демалысқа ол өз ауылына мен өз ауылыма кеттік. бірақ анда-санда жағдайымызды білісіп тұратынбыз. Жаз бойы мен оны сағынумен күн санаумен, бейнесін көз алдыма елестетумен, оның ЖҮРЕК деп айтқанын сағынумен уақыт өткіздім.
Күз келді! Біз де қалаға оқуға келдік. Мен оны келе ме деген үмітпен асыға күттім. Ол әлі ауылында ....................
Бірде группаласым Бақытбектен оның достарымен бірге істі болғанын естідім. Үстімнен жай түскендей сезімде болдым. Оған қатты хабарласқым келді, бірақ намысым жібермеді. Осылайша оз сезімдеріммен іштей арпаласып жүргенімде өзі хабарласты, сөз арасында мені сағынганын және дауысымды естігісі келгенін айтты, бірақ өз жағдайын еш айтпады. Мен оған қиын сәтте демеу болып қолдау көрсеткім келді. Сойлескен сайын оның көңілін көтеруге тырыстым. Сол кездері білсемші осы сәттердің маған не болып ораларын............
Екеуіміз тағы да кездесе бастадық. Мен оның жүрегіне өзім салған жараны жазуға тырыстым, сол кездері неге онымен арамызды үзгенімді сұрағанда мен оған ашып ештеңе айта алмадым, қазір сол ісіме өкінемін...
Осылайша күндер өтті, мен бақыт құсым қайта өзіме қайтып келгеніне шексіз куанумен болдым, бұл жолы өз сезімдерімді ешкімнен жасырғым да келмеді. Мен оны құрбыларыммен таныстырғанда “сені шексіз сүйетіні көздерінен көрініп тұр” деген болатын. Осы бақытты күндерімнің ұзаққа созылмайтынын еш сезбеппін. Караша айының екісі күні ол маған қарым қатынасымызды үзгеніміз дұрыс болады мен сенің жүрегіңді жаралағым келмейді, сені жақсы көремін бірақ барлығы осымен аяқталсын деп менен алыстай берді. Маған оны ұмыту оңай емес екенін мен бая ғыдан сезетін едім. Амал қанша....... НЕГЕ ? НЕГЕ ? НЕГЕ ? ? ?
Міне бүгін оны кормегелі, сөйлеспегелі 71күн болды. Күндіз түні ойымда, мен оны қалай сағынғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын.
Осы жазғандарымды ол оқып маған сұрағыма жауап бергенін асыға күтемін

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!