Неге өмірде адам қалағандай бола бермейді

 Неге өмірде адам қалағандай бола бермейді

Мен Ақтөбе қаласының қызымын. Қазір Таразға көшкеніме 10 жылдай болды. Менің жасым қазір 18,осы уақытқа дейін бірде-бір жігітпен жүрмедім десем не құрбыларым не достарым сенбейді.Өзім сұлумын,шын сөзім.Алғаш рет 6 сыныпта ғашық болдым.Жазғы демалысқа Ақтөбеге барғанда.Бірақ ол махаббаттын бар қиыны ол жігіттің Актобеде,ал менің Тараз қаласында болғаным.Ол менен 2 жас үлкен болатын,ол да мені ұнатты бірақ жасымыз кіші,әрі ол ағамның досы сіңілімнің ұнататын жігіті еді.Сіңілім қолын күйдіріп алып,сол баламен ұрысып қолын одан әрі ауыртып а лды.Сол кезде өз сіңілімді жақтаймын деп қалай оған ұрысқаным есімде.Мен ұрыссам маған күлімдеп қарап тұра берген бозбала жүрегімді жаулады.Бұл махаббатпа әлде балалықпа білмедім.Ол кезде ешқайсымыз сотка ұстамайтынбыз,жоқ десе де болады.Сөйтіп мен өз қалама кеттім ол қалды. Тек оны күлгенін бәрін жадымда сақтап журдім,4 жылдан соң ғана Ақтөбе қаласына бардым.Әрине көргім келді.Тек айта алмадым. Ол туралы сұрағанымда сіңілім байқап шақырайық деді.Сол кезде дәл үйдің қасында жүр екен.келді сөйтіп сіңілім шығып артынан мен келдім.

Олар амандасып маған сәлем деді.Әрине сіңілім танисынба деп сұрады.Иа,Айдана ғой Таразда тұратын қыз ғой,-деп жауап қатты. Жүрегімде бір жылылақ пайда болды.Сіңілім өз әңгімесін айтып отырды.Маған қарағанда еті тірі оның.Сөйтіп кетті ол,сіңілім жымиып әліде сені ұнатады,-деді.Сіңілім сөйлегенде кімге қарарын білмей отты деді.Өйткені сөйлеген мен,ал ол кезек-кезек қарап отырды,деді. Сөйтіп 1 аптадан соң Таразға қайттым.Бір күні СМС келеді Қалайсын?Ақтөбеге қашан келесін деген ең соңында есімін жазыпты. Түсінбедім сіңліме звандадым.Сөйтсем кеше нөмірлерінді алып кеткен тамыз айында тағы да Ақтөбеге келеді дедім,-деді. СМС мен сіңілімнің өтірігін ашпайын деп келемін дедім,СМс сөйлесіп тұрдық.Звандауға жүрегі дауаламапты.Сөйтіп көптен күткен тамыз келып мен бармаймын,-дедім.Осы уақытқа дейін алдағанымды түсінді де хабар ошарсыз кетті. Бірақ ол жігіт әліде жүрегімде. Осы оқиғаның ортасында қаншама жігіт сөз салды.

8 сыныпта менің қызым болшы деген сөзді естідім 5-6 жігіттен бірақ сөзді осыдан күттім беЖоқ деп жауап бердім.Мектеп бітіргенше қаншама жігіт сөз салды. Тек көңіліме ұнайтыны болмады.20 шақты жігіттен жүрейік деген сөз естідім,бірақ бәріне де Жоқ деп жауап бердім.Жігітпен жүрейін десем алдыма бірдеңе кеп кесе көлдененнен тұрып алғандай болады.Өзңм ұнатқан жігіт сөз салып ойланып иа деп жауап берейін десем неге екенін білмеймін ол адамның жоқ болып кететіні. Кездесуге шақырады,жрайды бара салайыншы десем жігіттің өзі ұнамайды.Ал барамын барғым келеді десем сол күні не жаңбыр жауады,қар жауып,жел тұрып бір нәрсе болады.Сөйтіп кездесе алмай қаламын,Мектепте жақсы бітірдім.тек 3 сабағым төрт ол ҰБТ дан алған төрттерім ғой.Ұбт-ға өліп-талып дайындалдым,арманым Алматы қаласында оқу,медик болсам дедім.Мен өзім ойлағанан төмен балл алдым. 100 алдым.

Оқымай мектепте қойш сол ҰБТ-ны дегендер мененде көп балл алды.Жыладым,қойдым,қайтем енді.Асфендияровка тапсырдым.4 пункт берілді.Мамандық тізімін жаздым.Сөйтіп 3-4 таңдаған мамандық бізде жоқ деп Алматыға тағы да 2 рет барып келдім. Сөйтіп грантқа түсе алмай Тараздағы университетке тапсыруға тура келді.Кейін газетте грантқа түскендердің тізімі шықты,маған айтқан 3-4 мамандықпен мененде аз баллмен грантқа түскендер болды.Бар ғой неге алдады.Қалай жылағанымды-ай.Өзім қайғырып жүрсем анам-әкем мәз Таразда қалып оқитыныма.Жарайды деп басқа мамандыққа түстім.Жүрегім қаламасада сол мамандықта оқып жүрмін.
Университет жаңа орта,есейіппін ғой менде деп ойладым.Жаңа достар,таныстар кездесті.Жігітпен мектеп бітіргенде жүрмедім жүрейін десем жігіттер маған сені сүйем деген сөздерді айта алмайды.Басқа дамдардан сені ұнатады екен ғой деп естимін.Өзім гордыймын,бірақта алдыма келіп сүйем демесе дәті шыдамаса сол жігіттерге мені ұнатады екенсін ғой деуім керекпе.Қанша жігіттермен сөйлестім жаныма жақпайтындарға жігітім жоқ болса да бар дедім.Универде бір жігітті ұнаттым.Сөйтіп агентпен достық жіберіп әңгімелестік.Ол мені қашан кездесуге шақырады деп ойладым.Басында 2 аптаға дейін кездеспей тұрайық дедім.Бекер айтыппын деген ой келді.
Құрбыма Чип алайык деп Симкаға бардым. Сол кезде кенет жігіт алдымнан досымен бірге келе жатқанын көрдімде,жүрегім дауаламай бұрылып кеттім.Мені көрмеген,танымаған шығар деп ойладым.Жоқ таныпты агентте мені көрдіңба деді.Мен иа қашып кеттім демейм ғой жоқ көрмедім дедім.мм деді. Маған сен менімен ойнап жүрсінба,сенің менен бөлек жігітін бар,ішін пысқан менімен сөйлесіп жүрсін деген сөздер айтты. Осы сөзді маған әр сөйлескен жігітім айтатын,Әрине олай емес жоқ дедім.Сонымен сол күні телефонмен сөйлеспедік.Ертеніңе агентте кірдім невидиммен, оның статусы қайғырдым, ренжідім деп тұрды. Қолым тимей агентте отырмай жай кіріп шығып кеттім. л оның ертініңе мен оны көрдім,универде құрбыммен отырғам.Ол да кеп отырды арамызда 3 орындық.

Кешке агентте жай тағыда невидиммен кырдым кешегі статус,ренжіген.Онлайн боп кірейін жазатын шығар дедім, сойтіп отырдым ол блокка басқа қыздардан номер сұрады.Үндемедім кішкене отырып шығып кеттім.Ертеніңе де сол ренжіген статус,онлайн болсам статусына жүрек қойып бір қыздын атын жазып қойды.Жыным келді.Өзім жаздым Амандастым,халін сұрап, көрдінбе деп сұрадым,көрмедім деді.Көрдін ғой алдама 3 орындықтан кейін отқан адамды қалай көрмейсін дедім. Амандаспадынба біз доспызғой дедім.Ол маған кім айтты бізді дос деп жауап қатты,жыным ұстап кеттіде онда дос болмасақ сені удалить етемін дедім,мен осы сөзді жазып жатқанда ол да жазып жатқан. Маған сен маған ұнайсын,бірақ мен ойланып жүрмін деді. Удалить етем деген сөзімді оқып өзің біл деп жазды. Ашумен игнорға тықтым, 2 минуттан соң игнор папкасын ашып статусын қарасам плачу деп тұр,ОЛ баланы өзімде түсінбей кеттім.Мен кіргенде бір қыздын атын жазып қоя салатын еді ғой,кейінірек ол оның қарындасы болып шықты.Артымнан жүгіретін жігіттер көп тек менің көңілімнен шығатыны жоқ.Олардың көңілін қалдырмай жүре салайын десем білемін ғой маған жабысып айралмай қалатынын.Маған не істеу керек.Өз ханзадам келеді деп күтуім керек па, әлде іздеуім керекпе?Бір жағынан гордостымды қойсам дұрыс болар еді дейм тек,бәрібірде одан дым шақпайды. Біреудің қолында тряпка болғым келмейді.Шын айтсам не істерімді білмей жүрмін,сіздер қандай ақыл айтар едіңіздер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?