Адалдық және махаббат

 Адалдық және махаббат

Бүлдіршіндей мөлдіреген жас қыз қос жанары мөлтеңдеп жігіт ағасы болып, әбден толысқан ердің қасында отыр. Ол жігітке: «Мен сені шын жүрегіммен сүйемін, сенімен бірге болсам ғана болғаны, қазір мен сені есімнен адаса сүйіп қалдым» деді.

Қарсысында отырған ересек ердің көздері ұзаққа қадалды. Өңінен көптеген ой ұшқындары жылт етіп қалады. Ол енді ғана 20 жасқа толған, өзінен 15 жас кіші жас қызға қарап ұзақ отырды. Терең тыныс алды да: «Сен осыншама сұлу, жассың, сенің айналаңда соңыңнан түсіп жүрген өзіңе лайық жас жігіттер өте көп қой. Қалайша менi мұнша сүйіп қалдың?» деп сұрады.

Қыз қос жанарын жігітке қадап, терең сүйіспеншілікпен: «Өйткені, олар жас, келбетті, мені қаншалық жақсы көргендерімен, сіз сияқты әр істе салмақты, әр істе нәтижелі, терең ойлы, қолынан үлкен істер келетін адамдар емес, нәтижесі шыққан бір істері, қызметтері де жоқ. Еш жұмыстың жөнін білмейтін бауырымды ертіп жүргендей боламын. Мен сіздің нағыз еркекке тән жан-жақты мінезіңізді, қолыңыздан көптеген жұмыстарды атқару келетінін, өмірге деген көзқарасыңызды, құн көзқарасыңызды, қысқасы мен кішкентай ұл бала емес, қайта сіз сияқты ересек, нағыз ерлерді сүйемін» деді мейірлене жымыңдап.

Еркек салмақпен оның жүзіне қарап: «Бірақ, менің жүрегімде саған титтей де орын жоқ. Сен сүймеймін. Менің өз сүйген жарым бар, әйелім бар. Ол дүниедегі ең ақкөңіл, ең сұлу, қадірлі адамым. Әйелім екеуміз дәл сен сияқты 20 жасымызды махаббаттасқанбыз. Мен де дәл сол сенің соңыңнан түскен жас жігіттер сияқты көп істердің жөнін білмейтін, алаңғасар, ойламсыз, балалығым күшті, қазіргідей табысты қызметім жоқ, соқа басым сопиған жан едім. Бірақ мен сүйген жан сен ойлағандай еш іс білмейді деп сөккен жоқ. Қайта, өмірімнің жастық, шалалық, қиындық кездерінде жанымда болды. Ұрсысқан кездерімізде татауласып, бір нанды бөліп жесек те бір асым ет жегендей бал татып жүрдік. Жұмысым сәтсіз болғанда, өмірден түңілгенде, арақ ішіп қаңғыбас достарыммен кеткенде, бәрінде сол жан мені құтқарған. Білген ақылын айтатын, жігерлендіретін, ұрсатын, қайта құшып сүйетін. Дәл сол аяулы әйелімнің маған серік болып жанымда жүргендігі арқасында мен бүгінгі күнге жеттім. Менде бәрі болды, өмір тәжірибесі де, салмақты мінез бен көзқарасым да, байлығым да. Мен бұл өмірде тек әйелімді ғана сүйемін» деп сөзін аяқтапты.

Сонда қыз: «Жоқ, менің қай жерім оған жетпейді? Ол мен сияқты жас па? Мендей сұлу ма? Менде сүйе ала ма сізді???» деп шыдамай өксіп жылап, жігіттің өзін құшағына алуын тілегендей болды. Бірақ, жігіт: «Оған дүниеде ешқандай әйел заты жетпейді. Ол сондай жас, сондай сұлу, мені соншама сүйеді. Ендеше уақыт та біраз жерге барған екен. Кетейік!» деп орнынан қозғалды. «Үйіңе жеткізіп қояйын» деді. Қыз: «Ендеше саған бақыт тілеймін! Тезірек үйіңе қайт, әйелің күтіп отырған шығар?!»

Жігіт үйіне келіп, үстел үстіндегі қайтыс болғанына бес жыл болған әйелінің суретін алып, ұзақ қарап тұрды. Суреттегі әйелін сипап, сүйіп қойды да, кең төсекке келіп, құлай кетті

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі