Ақша ма, махаббат па?

 Ақша ма, махаббат па?

- Ия, Жаһан, ия - деп қыз бар дауысымен айғай салып, жігітті құшырлана сүйді. Жігіт сәл шегініп, тізерлеп отырды да сақинасын бар ықыласымен ұсынды. Үстінде жеңіл матадан кестелеп тігілген ашық көк түсті көйлек, желмен ұшырған бұйра шаш. Бірақ, жігіттің үстінде фильмде көретініміздей смокинг немесе классикалық үлгідегі киім жоқ, бар болғаны спорттық киім ғана. Келесі кезекте қыздың нәзік қолдарына сақинаны тақты да, ұзақ бауырына басты. Жігіт көзіне жас алып: «Кешір,ботам,кешір мені. Саған қажет болса әлемнің бар асыл тасын жинап келіп сыйлар-ем, табысым мына қара күмістен артылмады. Меніменен жолының шұңқыры көп жаңа өмірді бастауға дайынсың ба?»- деп ботадай мөлдіреген көздеріне қарады. Қыз жігітті қолынан арқан байлап алғандай тартып әкеліп жанымдағы үстелге (скамейкаға) отырғызды. Менің жаным кіре түстү, жаңа романның желісін көзіммен бақылап отырғанымда, тірі роман болып жаныма отыра кеткендері құлағым мен шабытымды ұзартты.

Қыз жігіттің екі қолын қатар ұстап, жүзіп бара жатқан кемелердің соңына бірер минуттай қарап отырды. «Қазағым жер бетіндегі ең асыл халық қой. Өзіңді өздері айтқандай шанадан тауып алса да өзегіңнен еш теппейді. Әлі есімде қыстың аязымен құшып, қаһарымен жан-тәніңді өртеген күнінде анашым «мен қазір келем» деп жапан далаға тастап кеткен еді.

Аштықтан бұралып, қасқырларға жемтік болар сәтте екі мейірімді жан мені құтқарып қалды. Сатымхан атам мен Жамал апам бауырына басты, сол күннен-ақ ат құлағында ойнатып, самал желмен де, боранмен де қатар жарысуды үйретті. Басқалары қонақ келгенде саламыз деп сақтайтын сандықтағы қазынасын әжем мен атам біз деп сақтайтын. Ағам Баһадүр екеуіміз қатар өстік, биені де, сиырды да бірге отырып сауатынбыз. Ауыл-аймақты барынша қызықтырған үлкен фазендамыз да бар. Қалаға оқуға кетерімде шөмеленің үстіне шығып алып жатсам, атам жаныма келіп кішкене бәкіні ұсынды: «Бұл бұйым өмірлік серігің болсын, алайда тек жақсылыққа қолдан. Осыдан 12 жыл бұрын анаң саған қанжар ұстатып кеткен еді. Ол қанжар сенің жүрегіңде мұз кейіпінде тұр.

Жылдамырақ ерітпесең өзіңе зияны тиер» деп маңдайымнан құшырлана иіскеді. Сол бәкімді алып мені ақсаусақ деп ойлағаның үшін бауыздап алсам қайтеді сені»,-деп күліп жіберді,-«Жаһан, білесің бе өмірдегі ең ауыр дүние анаңнан айырылу. Ал менің анам мені өз қолымен тастап кетті. Мына жалғанда одан асқан қасірет жоқ болар. Интернеттегі бейнебаяндардан баласын қызғыштай қорғаған хайуандарды көрсем, адам баласының қадірі төмендеген бе көп ойланам. Осы тауқыметке көніп, жүрегімдегі мұзды еріткенімде, болмашы ақшаға бола қиналмаспын»-деп қос алақанын болашақ серігінің бетіне апарды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі