Неліктен Батыс Рим империясы құлады (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

 Неліктен Батыс Рим империясы құлады (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады
Оқу мақсаттары: «Ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу
Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу
Сабақтың мақсаттары:Орта ғасырлар кезеңдерінің ерекшеліктерін сипаттайды;
Батыс Рим империясы ыдырауының себептерін анықтайды және топтастырады.
Кіріспе
Сыныппен танысу. Жеке жұмыс.
Педагогикалық рөлдік ойындарды қолданып, тарихи талдау мен жеке ойын айғақтар келтіре отырып жеткізудің қажеттілігін түсіндіру.
Оқушыларға өткен жылдан өз жеке өмірлерінен 5 маңызыды оқиғаны анықтап беруді және олардың болғандығына айғақтар мен дәйектер келтіріп дәлелдеп беруін сұрау.
5-минуттан кейін оқиғаларды тізбектеп беруді сұрау
Оқушыдан тізбектеп берген оқиғалардың біреуін орын алғанын дәлелдеп беруін сұрау
Оқушы келтірген дәйектерді сынға алу, дәлелдер келтіруін сұрау. Мысалы, Түркиядағы мұрағатта болғаныңызды қайдан білемін? Оқушы фотосуретті көрсете алатынын айтуы мүмкін. Оқушыдан қосымша дәлелдер келтіруді талап ету және Түркиядағы тарихи мұражайға барғанына күмән келтіру. Қосымша сұрақтар қою. Мысалы, Мүмкін фотолар фотошоп бағдарламасы арқылы жасалған шығар?
Оқушы оқиғаны дәлелдеу туралы ойланады. Егер оқушы жауап беруге қиналса, диалогтық оқытудың әдістерін қолдану. Сыныпқа қарап, сұрақтар қою:
Сіздер қалай дәлелдер алар едіңіздер?
Қосышма тағы да қандай дәлелдер келтіруге болады?
Оқушылар өз ойларын ұсына бастайды және оларды тақтаға жазып отыру керек.
Тапсырманың ең басты міндеті оқушыларға тарихта жеке пірінді ғана айтып қоймай, сонымен қоса пікірінді дәйектер мен айғақтарды келтіріп дәлелдей білу керек деген тұжырымды жеткізу
Деректердің түрлерін атап беру:
Заттай деректер;
Жазба деректер;
Көркем сурет және ауызша деректер;
Педагогикалық әдістің міндеті оқушыларға жеке пікірінді айтып қою ғана жеткіліксіз, оны қолданған деректерге сілтеме жасай отырып, дәйектер мен айғақтар арқылы дәлелдеу керек деген тұжырымды жеткізу
Сыныпты сабақтың жаңа тақырыбымен және оқу мақсаттарымен таныстыру, бағалау критерийлерін ұсыну
Оқушыларға осы оқу жылы дүниежүзінің орта ғасырлар кезеңін оқитынын түсіндіру. Уақыт сызығын көрсетіп, оның құрылымын түсіндіріп беру: уақыт масштабы, оқиғалар, жерлердің қосылып алынуы, соғыстар, билеушілер тағы басқалары.
Оқушылардан орта ғасырлар тарихында нені оқитынын, нені меңгеретінін болжауын сұрау.
Зерттеу
Сыныпты шағын топтарға бөлу. Сыныпты топтарға бөлгенде, саралап (дифференциация) әдістерін қолдану. Шағын топтарға дүниежүзі тарихының кезеңдеуі туралы ақпараттық таратпа материалдарды үлестіру
Оқушылар таратпа материалдардағы ақпараттарды қолданып, орта ғасырлар кезеңдерінің кезеңделуі туралы инфографика жасайды.
Оқушыларға нұсқаулық беріп, онда инфографикада хронологиялық және тарихи ерекшеліктерін ашып көрсетуді ескерту
Оқушылар орта ғасырлар кезеңдерінің қандай ерекшеліктері бар, қандай өзара байланысы бар деген сұрақтардың жауабына ойланып, орта ғасырлардың жалпы сипаттамасы туралы ойлану.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 529



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі