ZHARAR | KZ | Шығарма | Рухани жаңғыру - ұлттық санамыздың кемелденуінің кірпіші

Рухани жаңғыру - ұлттық санамыздың кемелденуінің кірпіші

 Рухани жаңғыру - ұлттық санамыздың кемелденуінің кірпіші
«Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарымыздың интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге олардың ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты. Ұлттық кодтың өзегін сақтай отырып, болашаққа қадам басуымыз қажет. Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты».
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін күш. Елбасымыздың осы мақаласын оқу барысында мынандай ой түйдім. Оның айтуы бойынша рухани жаңғыру – ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы зерделі де ақылды ұрпақ тәрбиелеуге тиіс. Ол үшін біз білімге терең зер салып, жан-жақты дамуымыз қажет.
Біз дамыған 30 елдің құрамына кіру үшін алдымызға көптеген мақсат-мұраттарды қойдық. Алайда сол мақсаттарды жүзеге асыруда еліміздегі барлық халық атсалысса нұр үстінен нұр болар еді. Ол үшін елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын күллі жұрт оқып шығуға тиіс. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды.
«Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы», – делінген мақалада.
Мақалада: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», – делінген.
Расында да, біз ешқашан бізге тәуелсіздікті мұра етіп қалдырған, оған жету жолында өз өмірлерін аямаған, жүректері «Алаш», «Қазақ елі» деп соққан батырларымыздың, мемлекет қайраткерлеріміздің, ата-бабаларымыздың есімдерін және олардың ерліктерін өз жадымыздан шығармауымыз керек. Әрқашанда олардың есімдерін еске түсіріп, бауырларымызға, басқа ұлт өкілдеріне олар туралы айтудан шаршамауымыз керек. Сондықтан осы орайда қазақстандық патриотизм рухымен үйлесе отырып дамыған тұлғаны тәрбиелеу, туған жердің дәстүрін, тарихын және мәдениетін құрметтеу, қазақстандықтардық азаматтық белсенділігін күшейту және атамекенге деген жауапкершілікті күшейту мақсатында елімізде «Туған жер» жобасы аясында «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани Қазына», «Ақпарат толқыны» атты бағдарламалар ұйымдастырылып, қазіргі таңда нәтижесі ретінде бірнеше іс-шаралар өтті.
Президентіміз: «…Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – деп атап өтті.
Шынында, өз туған жерінің көркеюіне үлес қоса білген азамат бүкіл әлем игілігі үшін қызмет ете алады деген сөз. Біз, жастар ең алдымен патриотты ұрпақ болып өсуге тырысуымыз абзал.
Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді» , -дейді Н.Ә.Назарбаев.
Мен Елбасының осы сөздерін толық қолдай отырып, рухани мәдениеттің дамуы үшін тағылымды ұлттық тәрбиенің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтардың кемелденуі барысында әрбір адам өз қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажеттігін түсіндім.
Өз мақаламды қорытындылай келе, «Тарихқа құрметпен қарау, Отанға адал болу, ғылым-білімге деген ұмтылыс – мұның барлығы біздің халқымыздың бойындағы асыл қасиеттер. Бұл қасиеттер біздің халқымыздың бірлігін және ұлтымыздың жасампаздығын нығайтады, бәсекеге қабілетті ел болуға жол ашады» деген мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев сөзім аяқтасам. Мақсатымыз - айқын, мұратымыз - асқақ болса, біз барлығына қол жеткіземіз!

ҚОЗЫБАҚОВА Ф.А.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Тарих және археология, этнология» факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, ғылыми жоба жетекшісі.
Умурзакова Гулнара
«Филология және әлем тілдері» факультетінің 1 курс студенті.
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
ZHARAR - Сегодня, 02:44
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жуктеп

Гость Арайка - Сегодня, 01:49
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Алгбра керек 7 сынып 1 тоқсан ТЖБ пжжж. Беріңдерші🥺🥺

Айда - Сегодня, 00:02
Сертификат алу !!!

Маған 4 сынып Тжб керек

Тилебалды Рысалды - Вчера, 23:51
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Казакстан тарихы тжб жауаптары керек 1токсан

АИШАТ ЖАКСЫЛЫКОВА - Вчера, 23:46
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 СЫНЫП МАТИМАТИКА ТЖБ ЖАУАПТАРЫ Н СУРЕТКЕ ТУСИРИП ЖИБЕР

Далмира - Вчера, 23:19
География (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған 8сыныптын бжб тжблары керек.

қадыс әмина - Вчера, 22:54
Фотосинтез үдерісі 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

ия қосылам

Bopeshka - Вчера, 22:50
Қыс туралы шығармалар топтамасы

....

Ұлмекен - Вчера, 22:28
Казақ әдебиеті (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Гость Jjj - Вчера, 21:35
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Қалай оны ашады