Менің сүйікті кітабым!

 Менің сүйікті кітабым!

Ахмед Жанна

Заман ағымы алға жылжыған сайын бәсекелестік пен сапа арта түседі. Таңдау көп болғандықтан бірі қымбат дүниелерге үйір болса,бірі арзанға үйір. Арзанның сорпасы татымас. Десек те халық арасында тараған бұл сөз кітапқа ешқандай қатысты емес. Әлемдегі адамдар сияқты кітап та тым көп. Жаның нені қаласа соны оқы. Арзан не қымбат,әдебиет немесе бизнес,бестселлер болады ма маңызды емес. Кітап оқудағы басты мақсат-рухани баю. Қай жағынан ақсап тұрсың?Сол жөнінде кітап оқы. Кітап оқуым керек екен деп тақырыбы ұнағанның барлығын көз майыңды құртып оқи берме. Нағыз саған арналған кітапты табу қиын,оны қанша жасыңда табарың да белгісіз.

Мен оқығаным үшін мүлде өкінбеген кітап-(Көшпенділер)Жас патриот болуға талпынған 13 жасар қыз Ілияс Есенберлиннің 800 беттік романын оқуға кірісті. Әр бетін терең ұғына оқыған соң ,мен тарихтың қаншалықты құнды екендігін ұқтым. Әр ханның қажырлы қайраты,халықтың еңбекқорлығы мені тәнті етті. Қаншама қысымды оқи отыра жәй ғана отыра алмадым. Тарих пәнін бар ынта шынтаммен оқи бастадым. Көркем шығарма оқысам да тарихи кітапты таңдадым. Барша жылдарды,соғыс,жорық,бекіністі жатқа білмесем де тарихшы деп атап кетті. Өйткені мен расымен де тарихты түсінуші едім. Бір оқпен екі қоян атқандай болдым. Тіл байлық,ой өрісімді ересекше жетілдірдім және тарихтан хабардар болдым. Фантастикалық бағыттағы кітаптарды оқи бермей,тарихқа басым күш салу арқылы өзімнің патриоттық сезімдерімді оята алдым. Тарихтан жетістікке жетсем Ілияс атамды еске аламын. Алғысымды білдіремін. 16 бірдей тарихи кітап жазу мен деген жазушының қолынан келе бермейтін іс. Бұрмаланған қазақ тарихын зерттеп,көзі тірісінде оқырман ризалығына бөлене қоймаса да,қазір қазақ халқы атаммен мақтанады.

Еңбек түбі-бейнет . Кітап оқу адам еңбегін талап етеді. Кез-келген адамның кітап оқуға қабілеті мен мүмкіндігі бар. Бірақ кітаппен дос болу-әркімнің өз жан қалауы. Өсем десең тынбай еңбектен. Дұрыс жолды айқындау үшін қиындықтардың түрлісін анықтай білуің керек. Кітап оқи отырып осы жөнінде тәжірибе жинар едің. Әрине кітап көп. Ал сенің кітабың біреу және ол ең сүйікті болуы керек.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!