Мен баламын болашаққа құмар болған

 Мен баламын болашаққа құмар болған

Қаршыға Айгерім, Қызылорда

Иә, "болашақ, ертең" деген сөздерді естігенде, әрбір адам толқитыны шындық. Сол сияқты менің де бала жүрегім бұл сөздерді естігенде тебіренері рас. Болашақ, ертеңгі күн... Алдымызда қандай күндер күтіп тұрғанын ешкім де білмейді. Ол тек болашақтың қолында. "Мені қандай жұмбақ күндер күтіп тұр екен? Мен болашағымды қалай елестетемін? Болашақ деген не? Ертеңгі күні мен еліме қандай игі жақсылықтарымды тигізе аламын?" деген сан түрлі сұрақтар мені мазалайды.

Әрине, еліміздің біртуар ақын-жазушылары "болашақ" туралы тақырыпта қалам тербемегені кемде-кем.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Тетігін тап та бар қалан - , деген

ұлы ақын, ойшыл Абай атамыздың осы өлеңінің мән-мағынасы, ойы тереңде жатыр. Хәкім Абай атамыз "сен де осы өмірдің бір кірпіші болып қалан" деп жырлайды. Бұл жерде ол жастарға. болашаққа деген сенімін өлеңдеткен Мағжан Жұмабаев атамызбен үндеседі.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін! -, деп

жастарды жігерлендіретін ақынымыздың үні де қазірдің өзінде "ел ертеңі - біздің, келер ұрпақтың қолында" деп айтылып та, жазылып та жатыр.

Болашақ кілті - біздің қолымызда. Ата-бабамыздың бізге артқан осы бір зор сенімін ақтау бізге парыз. Ендеше еліміздің биік белестерін бағындыратын ұрпақтың атынан үн қатамын. Елімнің жарқын болашағы үшін, келешек өмір үшін, туған жерімнің амандығы үшін аянбай еңбек етемін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады