Мұқағали ағаға хат

 Мұқағали ағаға хат

Мұқағали аға, сіз ғасырда бір туатын үлкен қанаты бар, адамның көзі талатын биікте ғана самғайтын алып құс сияқтысыз. Қазақ жырындағы асыл да асқақ рух, астарлы да аңсарлы, аяулы да абыройлы асыл сөз, шабытыңа шабыт қосып отырар төгілмелі де төкпелі қуатты құдірет, елде жоқ орасан екпін сізде бар.

Сіздің өнеріңіз ұдайы заңғар биіктерде самғайттырып, алға жетелейді де тұрады. Сіздің ақын ретіндегі ең негізгі, ең басты қару-құралыңыз да осылар. Бұл да болса өзіңнен ешкім озбайтын, уақытпен бірге күйреп барып тозбайтын туындылар берген хас шебердің өзі сізге ғана тән, сіздің ғана маңдайыңызға бұйырар өлшеусіз сыбаға.

Жасырып-жабары жоқ, сіздің жырларыңызға мен әсіресе, осы бір соңғы кездері қайырыла соғып, қадала түсіп оқимын. Өзімнің көңіл-күй, бітім –болмысыма орайлас сөз саптарыңызға көбірек деп қойып, терең ойланамын. Көптен бері бара жатқан шалқар көшті жаңа ғана қуып жеткендей бір жұмбақ та жеңіл әсерге бөленемін.

Сіздің рухыңыз, сіздің әлеміңіз мені қайта бір қайрап, өлең мен өмірге бұрынғыдан да құлшындыра түскендей, жігеріме жігер, күдеріме күдер қосқандай болады. Сіз туралы сөз бір күнмен де, бір жылмен де аяқтала қоймайды, ол жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға жалғасатына көзім кежеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?