Адамгершілік - асыл қасиет

 Адамгершілік - асыл қасиет

Қаршыға Айгерім, Қызылорда

Адамгершілік - адам бойындағы құнды, ең асыл қасиет. "Кісілік", "Ізгілік", "Имандылық" сияқты ұғымдармен мәндес. Бұл сөздерді естігенде көз алдымызға қиналғанда қол ұшын беріп, көмегін аямайтын, жанаршылық танытатын жақсы жандар бірден елестей кетері рас. Бұл қасиеттер арқылы біз мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйренеміз. Қазіргі қоғамда да шалынғанды демейтін, адами қасиеттері бойына сіңген адамдар жоқ емес. Ал мен солардың ішінде жақсы адам деп кімдерді айта аламын?

Жақсылық күн секілді, кейде бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай әрдайым жарық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адамдар менің де жанымда жетерлік. Олардың бірі менің өмірімнен өз орнын ойып тұрып алатын - әжем. Әжемнің жүрегі үлкен, терең. Онда жамандықтың ізі де жоқ. Тек жақсылық атаулыға тұнып тұр. Әжеме қарап, жақсылығы үшін масаттанам. Ол рухы мықты, жігерлі жан.

Бала күнімнен әжемнің осындай жаны жайсаң жан екенін, даналығы мен даралығын көріп өскендіктен, жақсылықтың не екендігін біліп өстім. Біліп қана қоймай бойыма сіңіріп өстім. Кейде ойлаймын, елдің бәрі менің әжем сияқты болса ғой. Онда ешкім ешкімге жамандық тілемей, барлығы адами қасиеттерін сақтап қалар еді. Әлем жайдары жандарға толы болар еді.

Демек, адам бойындағы адамгершілік қасиеті алғашқы орында. Егер барлық адамдарда осындай ізгі қасиеттер болса, елеміздің қарқынды дамып, көптеген биік белестерді бағындырмасына кім кепіл?! Сондықтан адам баласы бір-біріңізге жақсылықтар жасаудан еш шаршамаңыздар!!!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады