Сабақ жоспары (ұмж): Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қасиетті күндерде ораза ұстау

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қайта өрлеу дәуірі
Сабақ тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.3 - Антикалық мәдениетпен байланыс орнату арқылы Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері) сипаттау;
6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;
Сабақ мақсаттары: Қайта өрлеу дәуірі мәдениетін суретшілер мен мүсіншілердің еңбектері арқылы сипттау және гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау.
БЫМ/С Оқушыларға неміс қайта өрлеу дәуірінің өкілі Грюнвальдтің Христосты крестке керу бейнеленген суретін көрсету. Оқушылар тыныш жағдайда суретке назар салып қарайды. Оны зерттей отырып, дәптерлеріне өздерінің бойында қандай сезімдер пайда болғанын жазып отырулары тиіс.
С Сұрақ: «Сенде қандай сезім туындады?». Суретшіге суретті өмірдегідей бейнелеу қиын ба?
Оқушылар өздерінде қандай сезімдер пайда болғанын айтады.

Т. Топқа Ортағасырлық және Қайта өрлеу дәуіріндегі Әулие Мария мен бала Христос суретін ұсынып, екі сурет арасында 200 жыл өткенін түсіндіру. Оқушылардан қоғамдағы қандай өзгерістер суретке өзгерістер әкелгенін сұрап, 200 жылда қандай оқиғалар болғанын болжату. Төменде берілген сұрақтар төңірегінде екі суреттін ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, салыстырту.
1. Суреттер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай?
2. Қай сурет қайта өрлеу дәуірінде салынды? Неліктен?
3. Қоғамдағы қандай жағдайлар суретке өзгерістер әкелді?
4. Суретшілер көрерменнің бойында қандай сезімдер тудыруға тырысты?
Т. Христостың бастапқы суретіне қайта оралу. Бұл жолы ұсынылған ресурстардан тура сол көріністің орта ғасырлық бейнесін таңдау. Таңдап алынған орта ғасырлық суреттің бастапқы суретпен ұқсастықтары мен айырмашылықтарына байланысты оқушылардың түсініктемелерін тыңдау (орта ғасырлық суреттің нимбына назар аударыңыздар) және бекіту үшін суреттердің қайсысы қайта өрлеу дәуіріне дейін және қайсысы қайта өрлеу кезінде салынғанын сұрау.
М.Оқыту ресурстарында ұсынылған XV ғасырдағы Джорджо Вазари салған Флоренцияның көрінісін көрсету. Қалалардың пайда болуына түсініктемелер беруді ұсыну, үлкен\ кіші\ бай\ кедей қалалар және т.б. Кейде италиялық Флроенция қаласын «Қайта өрлеу бесігі» деп те атайтынын түсіндіру.
Қайта өрлеу дәуірі тек бейнелеу өнеріне ғана емес, еуропалық өмірдің барлық салаларына, яғни ғимараттарды жобалау, дін, білім мен ойлаудың барлық түрлері, музыка, мүсін өнері, әдебиет, саясат және т.б. әсер еткенін түсіндіру.
Ж. Италиядағы қайта өрлеу дәуірі басталуына әсер еткен түрлі факторларды қамтитын 9 карточкалар жинағын тарату. Оқушыларға Италияда қайта өрлеу дәуірі басталуына ықпал еткен себептерді зерттейтіндерін түсіндіру. Бұл 1500 жылы бейнелеу өнерінде неліктен өзгерістер пайда болғанын түсіндіруге көмектеседі.
Топтардан карточкаларды мұқият оқуды және оларды топтастыруды, оларға тақырып ойлап табуды сұрау. Мысалы, ақша, суретшілер, өткенге көз жіберу.
Топтарда карточкаларды қалай топтастырғанын және қайта өрлеу дәуірінде Италияда қалыптасқан өзгерістерге ықпал еткен себептерді талқылап, қорытынды жасату......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Адамның жасына байланысты атаулар



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle