Сабақ жоспары (ұмж): Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Гайморитті емдеу жолы

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Реформация
Сабақ тақырыбы: Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.1.1 - адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеру себептерін анықтау;
6.2.1.2 - тарихи процестердің контекстінде «гуманизм», «реформация», «протестантизм», «лютеранство», «кальвинизм», «контр- реформация», «иезуиттер ордені» ұғымдарын түсіндіру
Сабақ мақсаттары:Мартин Лютердің реформациясы мен қоғамдағы дін рөлінің өзеру себептерін талдау.
БЫМ/С Оқушыларға Мартин Лютер қозғалысы көрсетілген бейнематериалды оқушыларға ұсынып, төменде берілген тапсырма бойынша талқылау.
Берілген оқиғаны қалай сипаттауға болады?
• 1) Рет-ретімен; 2) 2 сөйлеммен;
• 3) 3 сөзбен; 4) 1 сөзбен...
Бейнематериалды көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтатып, мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.
Ж. Бүкілсынып оқушыларына мәтін таратылып, мәтіндегі ақпаратты жұпта меңгертіп, тақырып идеясын түсініп, талдау үшін «Ақпараттық органайзер» толтырту.
Ақпараттық органайзер тақырыпты жүйелі меңгеруге, оқиғаның ерекшелігін түсінуге көмектеседі және мәтінде берілген терминдерді меңгеруге ықпал етеді.
Мәтіннің негізінде кезеңі, ерекшелігі, кілтті сөздер (терминдер) деп аталатын кесте бөліктерін толтырту.
Терминдер бөлімін толтыру барысында реформация, протестант, римдік-католиктік шіркеу, индульгенция, реформация, контрреформация, иезуиттер ордені, гуманизм терминдерінің қамтылғанын қадағалау.
Т.Оқушылар Мартин Лютердің реформациясы барысында қоғамда орын алған өзгерістің себебі мен салдарын «Балық қаңқасы» органайзерінде талдату.
Ж. Оқушыларға жеке «РАФТ» әдісі арқылы кейіпкерге хат жаздырту.
Дескрипторлар:
• Ақпараттық органайзерде оқиғаның ерекшелігін анықтайды;
• Ақпараттық органайзерде оқиғаның уақыты мен терминдерді анықтап, түсіндіреді;
• Мартин Лютердің реформациясы барысында қоғамда орын алған қозғалыстың себебін «Балық қаңқасы» органайзерінде талдайды;
• Мартин Лютердің реформациясы барысында қоғамда орын алған қозғалыстың салдарын «Балық қаңқасы» органайзерінде талдайды;
• Мартин Лютердің реформациясы барысында қоғамда орын алған қозғалысты «Балық қаңқасы» органайзерінде қорытындылайды;
• Оқиға барысындағы кейіпкер Мартин Лютер белгілі бір аудиторияға хат жазады;......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Уайым-қайғыдан құтылу үшін оқылатын дұға



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle