ZHARAR | KZ ✅ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? 3-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? 3-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

 XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? 3-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)
Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс
Сабақ тақырыбы: XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.3 - феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін сипаттау;
6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату;
6.3.1.6 - «парламент», «Бас штаттар», «сейм», «кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: XIV Людовик пен Ұлы Петрдің мемлекетті басқару ерекшеліктерін талдау.
БЫМ/Б Мұғалім оқушылар назарына XIV Людовик және Ұлы Петр портретін ұсынып, сұрақ қояды: Бұл адамдарды ортақ не байланыстырады? Бүгінгі сабақтың тақырыбын суреттерге қарап анықтауға бола ма? Оқушылар екі мемлекет билеушісінің портреттеріне қарап шексіз ел билеу үдерісінің әр билеушіге тән ортақтығын анықтап, сабақ тақырыбына болжам жасайды. Оқушыларға сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері және тарихи концепт таныстырылады.

М. Мұғалім оқушыларға феодалдық мемлекеттердің даму кезеңдерін, сословиелік басқару жүйелерін және монархияның түрлерін түсіндіреді.

Ж №1 тапсырма: Мәтінді оқыңыз. Еуропалық қоғамның әртүрлі таптарының өкілдері үшін абсолюттік монархияның оң және теріс аспектілерін ойлап, талқылаңыз. Жауапты кестеге «+» немесе «-» белгілеу арқылы жазыңыз.

Ж №2 тапсырма. Әр түрлі орталықтандырылған феодалдық мемлекеттердің белгілерін анықтайтын кеспе қағаздарды екі санатқа бөліп орналастыру.

Оқушылар топқа бөлініп, 1,2 топта XIV Людовик пен 3,4 топтар І Петр тақырыбы бойынша жұмыс жасайды.

Т. №1 тапсырма XIV Людовик пен І Петрдің басқару реформаларының ерекшеліктерін анықтау үшін «Mine map» ментальды картасын құру. Бір топ XIV Людовикке, екінші топ І Петрге карта құрады. Негізгі тақырып ортаға жазылады. Сөйлемдердің орнына негізгі ойды айқындайтын кілтті сөздер ғана жазылады. Сөздер ортадан шеттерге қарай таралатын бұтақтарға жазылады. Негізгі бұтақтарға бағыттар жазылады және иллюстрацияларды да қосуға болады.
Қарастырылатын бағыттар:
• Саясаттағы өзгерістер
• Экономикалық өзгерістер
• Әлеуметтік өзгерістер
Бағалау критерийлері:
• 3 сала бойынша ақпараттарды толық жазуы;
• Спикердің баяндау шеберлігі;
• Постерді шығармашылық тұрғыда безендіруі;
• Уақытты тиімді пайдалануы......
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Рекомендуем

Последние комментарии
Куралай - Сегодня, 08:24
Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

👌👍

Балзия - Сегодня, 08:02
Қазақ әдебиеті (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маганда пж

Ансагуль - Сегодня, 07:37
Жан құрбыма туған күнге арналған құттықтау - тілектер

Керемет 🤘 тілектер

ZHARAR - Сегодня, 02:44
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жуктеп

Гость Арайка - Сегодня, 01:49
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Алгбра керек 7 сынып 1 тоқсан ТЖБ пжжж. Беріңдерші🥺🥺

Айда - Сегодня, 00:02
Сертификат алу !!!

Маған 4 сынып Тжб керек

Тилебалды Рысалды - Вчера, 23:51
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Казакстан тарихы тжб жауаптары керек 1токсан

АИШАТ ЖАКСЫЛЫКОВА - Вчера, 23:46
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 СЫНЫП МАТИМАТИКА ТЖБ ЖАУАПТАРЫ Н СУРЕТКЕ ТУСИРИП ЖИБЕР

Далмира - Вчера, 23:19
География (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған 8сыныптын бжб тжблары керек.

қадыс әмина - Вчера, 22:54
Фотосинтез үдерісі 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

ия қосылам