XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

 XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс
Сабақ тақырыбы: XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.3 - феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін сипаттау;
6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату;
6.3.1.6 - «парламент», «Бас штаттар», «сейм», «кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: XIV Людовик пен Ұлы Петр тұсындағы мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктерін талдау.
БЫМ/Б XIV Людовик: «Мемлекет - ол мен!», І Петр: «Ұлы мәртебелі – жеке билік ететін монарх, дүниеде ешкімнің алдында өз ісі алдында есеп бермейді». Мұғалім оқушылар назарына XIV Людовик пен І Петр цитаталарын ұсынып, оқушыларды ой-талқыға шақырып, сабақ тақырыбына болжам жасату.
• Екі цитатының ортақ идеясы қандай?
• Қандай билік түрін байқауға болады?
• Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?
Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, оқушылармен бірлесіп, сабақ мақсаты анықталады.Сабақ мақсаты, бағалау кри терийлері және тарихи концептімен танысу.
(Б) №1 тапсырма Оқушыларға билік, мемлекет, абсолютизм парламент, монархия , «Сейм», «Кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарының анықтамасын жаздыртып, 1 сөйлеммен түсіндірме жасату.
Оқушылардың назарына феодалдық мемлекеттердің даму кезеңдері мен абсолюттік монархияның белгілері туралы ақпарат ұсынылады.
1. Ерте феодалдық мемлекеттер
2. Феодалдық-бытыраңқы мемлекеттер
3. Орталықтанған мемлекет
4. Сословиелік-өкілдік монархия
5. Абсолюттік монархия
Ж.№2 тапсырма Абсолюттік монархияның белгілерін негізге ала отырып, кестеде берілген сұрақтарға жауап жаздырту.
Ж/Ж. №3 тапсырма Мәтінмен жұмыс. XIV Людовик пен Ұлы Петрдің қызметі тұсындағы мемлекетте орын алған өзгерістерді Венн диаграммасында төмендегі критерийлер бойынша салыстырту.
Салыстыру критерийлері:
1.Саясаттағы өзгерістер
2. Экономикадағы өзгерістер
3. Мәдениеттегі өзгерістер
Оқушылар жұпта бірігіп, екі билеушінің басқару жүйесіндегі ұқсастық пен айырмашылықты анықтап, екі сөйлеммен қорытындылайды.
Т. №4 тапсырма Жұптардан Версаль сарайындағы корольдің күнделікті өмірі жайлы мәлімет бойынша диаграмма жасап, бояту. Диаграммада корольдің күнделікті іс-әрекетін, оларға бөлінген уақыттарын бірнеше санат бойынша бөліп (мысалы тамақтану, балға қатысу т.б), мемлекеттік істерге қанша уақыт бөлгенін есептету.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 213



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!