ZHARAR | KZ | Шығарма | Эссе | Менің елім - мәңгілік ел!

Менің елім - мәңгілік ел!

 Менің елім - мәңгілік ел!
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы
Тасөткел орта мектебінің 9 сынып оқушысы
Асан Аяжан

Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».

Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар өзара тату-тәтті өмір сүруде.Еліміздегі ынтымақ пен бірлік мақтан етуге тұрарлықтай.Ынтымақ бар жерде бақыт бар.Біз бақыттымыз.Қазақстан Республикасы – өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі.

Мына алтын күн алаулаған зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті-қазақтың қыран көңілін, дарқан, бітімшіл бейбіт көңілін шырқау биікке алып шыққандай.Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін! Қазақ өмірінің ұлы белгісі-шаңырақтан тараған таң шапағындай уықтар аясындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманның бейнесіндей болып көрінеді.Қос пырақтың ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұрғаны да көп ой салады.Елтаңбада ұлы идея-Еркіндік идеясы біздің есімізге қазақтың: «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес» деген қанатты сөзін еске салып тұратын болсын»,-деген.

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, өз елін жарқын болашаққа жетелеген алғашқы көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақ елі аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономиканы дамыту, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну, Мәңгілік Қазақстан жобасы осы мақсатқа жеткізетін ұлы бастама. Мәңгілік ел болу- біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Мәңгілік сөзі ата- бабалардан келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазына. Ол ана тілмен де тығыз байланысты. Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады. Еліміздің ертеңі - жастардың қолында.Олай болса мәңгілік елдің онымен қатар жасап бірге дамыған мәңгілік тілі болуы да шарт. Білікті мыңды жығар дегенді өмірдің өзі дәлелдеуде. Сондықтан да өркениетті елдердің қатарына ену үшін сапалы білім алып, оны ел мұратына пайдалана білуіміз керек. Бұл біздің, яғни, оқушылардың алдына қойған мақсаты. Олай болса ана тілімізді де мәңгілік тіл ету - өз қолымызда. Сондықтан да рухы биік ел болайық! Елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін.
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Абдезимова Дана Изетуллаевна - Сегодня, 04:06
Ағылшын тілі (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

рахмет

Асқар - Сегодня, 02:42
Теміржол | Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасын басқару

Дипломдық жұмыс көмектесті

Гость Айбат - Вчера, 23:08
Дүниежүзі тарихы (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

1-бөлім «Бірінші дүниежүзілік соғыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тақырыптар

Мырзахметова Наргиза Каримовна - Вчера, 23:03
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні

Жақсы сайт. Қандай тапсырма іздесең табылады, және толық берілген.

Ержан Марал - Вчера, 22:49
Алгебра (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

ТЖБ 9сынып Алгебра жауап

Гость Гулнур - Вчера, 22:46
Олимпиадалық тапсырмалар: Ағылшын тілі (5, 6, 7 сынып)

Жауаптары барма

Гость Диас - Вчера, 22:27
Геометрия (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Геометриядан 1 тоқсанның ТЖБ керек

Гость Жасулан - Вчера, 22:22
Ағылшын тілі (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

8 сынып ағылшын бжб 1 тоқсан бар ма

дозшозщ - Вчера, 21:56
Күз туралы шығармалар топтамасы

как дела

Хорошо - Вчера, 21:27
Ағылшын тілі (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мм