Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Өміріңізді құр өткізіп жатқаныңыздың 13 белгісі

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Грекия мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 5.2.3.1 ежелгі грек философтарының көзқарастары туралы қарапайым түсінік беру
Сабақ мақсаттары: ежелгі грек философтарының көзқарастары туралы қарапайым түсінік беру;
олардың дүниежүзілік мәдениет пен ғылымға қосқан үлесінің маңыздылығын анықтау;
мінсіз қоғамның не екенін түсіндіру;
Ұйымдастыру сәті.
Сабақты Сократ туралы нақыл сөзден бастаңыз (Стимул тудыратын материал ретінде алуға болады). Оқушылардан нақыл сөздің мазмұнын сұраңыз. Сократтың өз жолдасына дәл осылай жауап беруі туралы өз ойларымен бөлісуін сұраңыз. Сократты оның іс- әрекеті қалай сипаттайды?
Сабақты бастаудың басқа нұсқасы: оқушыларға Сократ туралы «Энциклопедия» топтамасынан фильм ұсыңыз. Оқушыларға фильм авторының негізгі ойын табуды тапсырыңыз.Сократты оның сөзі мен ісі қалай көрсетеді?
Тәжірибемен бекітілген білім даналық екеніндігі туралы қорытынды шығартыңыз. Ежелгі Грекияда «философ» атанған, данышпандықты жақсы көретін адамдардың болғаны және бүгінгі сабақта сіздер «философтың» кім екенін, оның көзқарасы, әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесі туралы білетін болатынын айтып өтіңіз.
(Ж) 1-тапсырма: Оқушылар 2- қосымшадағы мәтінді оқып шығып, философияның қалай пайда болғанын және ол туралы діни және ғылыми көзқарастардың арасындағы айырмашылықтарды анықтайды.
Оқушылардың пікірін жұпта тыңдай отыра, ең қызықты және ерекше деген жұп пікірін сынып алдында тыңдауға мүмкіндік жасаңыз.
(Т) 2- тапсырма: Сабақта оқушыларға Сократ, Аристотель және Платон сияқты философтар және олардың қоғамдық даму туралы көзқарастарымен танысатынын айтыңыз. Бірін-бірі оқытатын Джигсо әдісін қолдаңыз.Әр топ бірдей тапсырма алады: философтардың біреуі туралы берілген теориялық материалдарын оқиды және оны қалай есте сақтайды, айтып бере ме немесе мәтінді мазмұнын ашатын сұрақтар құрастыра ма, оны өздері ойластыруы тиіс. Оқушылар негізгі тірек сөздерді жазып алуы, сурет салуы, класстер құрастыруы да мүмкін. Мәтінмен жұмыстан кейін топтар бір топта 3 топтың бір өкілі болғандай етіп қайта топтасады. Содан кейін мұғалімнің нұсқауымен жазбалар мен сызбаларын қолдана отырып, кезекпен өз сұрақтарын түсіндіреді. Үш кіші тақырыпшаны талқылап болғаннан кейін өз топтарына оралып, қайтадан соны өз топтарында талқылайды.
(Т) 3-тапсырма: топтарға мінсіз қоғам не екенін және оны философтардың қалай елестеткенін естеріңе түсіруін сұраңыз. Топта оқушылардың мінсіз қоғамның моделін салуды және өз постерлеріне түсіндерме дайындауды сұраңыз. Қойылым дайындауға болады. Синквейн немесе Диаманта құрастырулары мүмкін.Оқушылардың аталған ұғымды бүгінгі өмірмен байланыстырып, шығармашылықпен жұмыс жасауы маңызды болып табылады......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Балаларға арналған сыйлық түрлері



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle