Мысыр пирамидалары қалай салынғаны туралы қайдан білеміз? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

 Мысыр пирамидалары қалай салынғаны туралы қайдан білеміз? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ежелгі Мысыр тарихы
Сабақ тақырыбы: Мысыр пирамидалары қалай салынғаны туралы қайдан білеміз?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.2.1.2 тотемизм, анимизм, пір тұтушылық, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу
5.2.2.2 ежелгі Мысыр ғибадатханалары мен пирамидаларын сипаттау
5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Хеопс пирамидасы қалай салынғаны туралы барлық мүмкін нұсқаларды зерттеу және талқылау, пирамида құрылысының мүмкін нұсқасына кемінде бір дәлел келтіру.
Көне Мысырдың діни сенімдері мен саяси құрылысының пирамида құрылысына әсерін түсіну (үй жұмысы арқылы).
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бүгін біз сабақта әлемнің жеті кереметтерінің бірін, яғни Хеопс пирамидасын көреміз. Біз пирамидалардың салыну тарихы мен өткен заман құпияларын анықтап, ғалымдардың соңғы ойларымен танысамыз. Бірақ бұл кәдімгі таныстық емес, өткенге шын саяхат болмақ , бізге тарихтың ұлы құпияларының бірі – Египет пирамидалары қалай тұрғызылғанын біліп келу болып табылады. Біріншіден өз зерттеуімізді Хеопс пирамидасынан бастап көрейік. Біздің сұраққа жауап табуымыз үшін талай дәлелдер табу керек. Дәлел дегеніміз не? Неліктен тарихта олар маңызды болып табылады?Сіз дәлелдің қандай түрлерін көрсете аласыз?

Ары қарай пирамиданың ішкі және сырты фотосын көрейік.
Презентацияны көру барысында келесі сұрақтар бойынша ойланып отырыңыз:
• Бұл жерді қандай жер деп көрдің?
• Қатты айғайласаңыз, бұл жерді даусы қалай болады?
• Жарықты өшіріп қойып, сіз қаншалықты жақсы көре аласыз?
• Осындай жерде жалғыз қалып қалсаңыз өзіңізді қалай сезінер едіңіз?
• Қалай ойлайсыз, бұл бөлме қаншалықты ыстық немесе суық?
• Осы дәліздердің қабырғалары қолмен ұстағанға қалай болар еді?

Фотосуреттерді көріп болғасын оқушылар жұппен осыған дейін берілген сұрақтарға жауаптарын береді. Осыдан кейін мұғалім балалармен бірге жауаптарын талқылауға салады?

Күтілетін жауаптар:
Пирамидалар қазіргі Каир қаласының шетіндегі құмды шөлде орналасқан. Ғимарат қатты тастан қаланып, іші сырттағы шөлдің температурасынан анағұрлым төмен болған. Дәліздер мен қабырғалар жаңғырық пен дауысты басып тастайтын тастан қаланған болатын. Жалғыз жарықсыз қалудың өзі бұл ғимараттың ішкі бөлігі перғауын қабірі болғанын білмеген адамға да қорқыныш үйіреді. Пирамиданың іші тастай қараңғы болғанымен, адам көзі біраз уақыттан кейін өздері қараңғыға үйреніп кетеді.

Бізге Хеопс пирамидасы туралы не белгілі?
Дәптерлеріңе Хеопс пирамидасы туралы білетіндерің жайлы жазыңдар?


Оқушылар мен мұғалімнің ортақ талқылауы.
Талқылау барысында мұғалім оқушылардың білімдерін толықтырып отырады?
Жақсы, балалар Ежелгі Египетте пирамидаларды қалай салды деп ойлайсыңдар? Топтармен ойланайық?
Зерттеу
(Г) Сыныпты топтарға бөліңіз және пирамиданың тұрғызылу әдістерін талқылауға мүмкіндік беріңіз. Әр топ Хеопс пирамидасы қалай тұрғызылғаны туралы өз нұсқасын дайындау керек. Әр топқа өз нұсқасын басқа топтар алдында дәлелді етіп көрсету үшін 1 минут уақыт берілетінін атап өтіңіз.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 631



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!