Сабақ жоспары (ұмж): Өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Холецистит ауруының алдын алу

Пән: Дүние жүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзен алқаптары өркениеттері
Сабақтың тақырыбы: Өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттер туралы қалай біле аламыз?
Сабақтың мақсаттары: 5.4.1.3 – ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау;
5.2.2.3 – ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру
(Т) Түрлі дереккөздерді қолданып, ежелгі өркениеттің бірін зерттеу үшін сыныпты төрт топқа бөлу.
Зерттеуге арналған сұрақтар:
1. Мемлекет қалай басқарылды?
2. Елдің тұрғындары немен айналысты?
3. Елде өнердің қандай түрлері дамыды?
Әр топқа өздерінің жоспарын немесе идеясын таныстыру үшін үлкен парақ беріңіз. Олар өз таныстырылымының қандай формада болатындығын (сызба, диаграмма, плакат) талқылап, таңдауы тиіс.
Оқушылар берілген мәтін арқылы бір-бірімен сұхбат жүргізеді.

Оқушыларды бағалау.

1-зерттеу тобы:
Ежелгі Месопотамия. Ежелгі Шумер. Ежелгі Шумер мемлекетінің тарихын түрлі дереккөз материалдары бойынша зерттеу.
(Т) Топ өз зерттеуін түрлі дереккөздер көмегімен жүргізеді. Дайындалған материал Ежелгі Шумер тарихы туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
2-зерттеу тобы:
Ежелгі Месопотамия. Аккад империясы.
Аккад империясының тарихын түрлі дереккөз материалдары бойынша зерттеу.
(Т) Топ өз зерттеуін түрлі дереккөздер көмегімен жүргізеді. Дайындалған материалда Ежелгі Аккад империясының тарихы туралы ақпараттар қамтылуы тиіс. 3-зерттеу тобы: Инд алқабы. Реконструкциялар мен мамандардың түсіндірмелері бойынша өткен кезеңді зерделеу
(Т) Топ ресурстар тізімінде берілген Инд алқабындағы Мохенджо-Дародағы өмірдің компьютерлік реконструкциясы берілген бейнематериалды көруі керек. Материалды көріп отырып, оқушылардан Инд алқабындағы өмір салты жөніндегі өз жазбаларын дәптерге түсіруді сұраңыз.
(Б) Бейнежазбаны жасаушылар шамамен б.з.д. 277 жыл мен б.з.д 1900 жыл аралығында Мохенджо-Дароның қандай болғандығын қалай білгенін талқылаңыздар.
Бізге Мохенджо-Дародағы өмірді қысқаша түрде баяндайтын карточкалар жасау үшін бұл топ археологтардың Мохенджо-Дародан тапқан жәдігерлерінің суреттері мен қосымша жазбаларды пайдалануы қажет.
4-зерттеу тобы: Ежелгі Қытай – Сары өзен алқабы. Жәдігерлерді зерттеу негізінде өткенді зерделеу
(Т) Топқа Ежелгі Қытай географиясының кейбір мәліметтері келтірілген картаны және өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттерінің бірі-Сары өзен маңы болғанын айғақтайтын қосымша ақпаратты ұсыныңыз. Сары өзеннің фотосуретін беріңіз. Қосымша ақпараттық мәтінде Сары өзеннің неліктен Қытай өркениетінің негізі болғандығы туралы ақпарат қамтылуы тиіс. ......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
АЖАЛ АУЗЫНДАҒЫ МАХАББАТ



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle