Эссе: Елбасы мұраты – ел бақыты

Эссе: Елбасы мұраты – ел бақыты


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Бәрін уақыт көрсетер

Қағаны – батыр, ақылгөйі кемеңгер болған елдің бағы жанады.
Тоныкөк

Арман... Арман таусылар ма?! Аты аңызға айналған Астананы көруге құштар едім... Игі жақсылардың арқасында жазғы каникулда жол түсіп, еліміздің шаңырақ қаласына бардым. Ғасырлар тоғысында жұлдызы жанған шаһар күлімдей қарсы алып, дем арасында баурап алды. Даңқы алысқа жайылған Бәйтерек жақындаған сайын ажарлана түсті... Астанада болған үш күнім ғажайыптарға толы түстей болды... «Бір кездері «Арқалық» атанған жазық далалы кең мекенді адам баласын қанаттандырар, мынадай көрікті шаһарға айналдыру кімнің ойына келді екен?» деп ойлайсың. Иә, жауабын да білесің. Ол – ата-баба басынан өткен қиын-қыстау кезеңдерге қанық, білігі мен еңбекқорлығын серік еткен, талай сынға төзе білген, жүрегі «менің елім, менің жерім» деп жырлаған Елбасының идеясы, Елбасының ерлігі.

Біз тәуелсіздік алғанымызға аз уақыт өтсе де, әлем таңдай қағып, қызыға қарайтын елміз! Біз Туымыз көк аспанда желбіреп, Гимніміз асқақтай орындалып, ұрпағы бақытты балалық шағын өткізіп жатқан елміз! Бұл – үлкен құндылық. Мұндай бақыт қалай бұйырды? «Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса, төбедегі келер» демекші, бұл бақытқа қол жеткізген бірлігіміз бен көреген саясаты бар Елбасымыз деп ойлаймын.

Сан ғасыр бұрын «Төбеңнен тәңірі баспаса, астыңнан жер айырылмаса, Түркі халқы, ел-жұртыңды кім қорлайды?»-деп елжіреп өткен Күлтегіннің, қазақты бөлек ел етуді көксеген Керей мен Жәнібектің, үш жүздің басын қосып, бір ту астында ажарланған айбынды Абылайдың, халқын өзгеге таптатпаған Исатай мен Махамбеттің, Ұлы Отан соғысы тұсында халқы үшін жанын қиған Әлия мен Мәншүк сияқты ұл-қыздың арманы Тәуелсіздік болған еді...

1991 жылы Тәуелсіздік бақытына қол жеткіздік. Осы 28 жыл ішінде елім көптеген асулардан көрінді және онымен тоқтап қалған емес. 130-дай ұлттың бір шаңырақ астына сыйып, тату өмір сүруі – тарихта болмаған жағдай... Кешегі әлем деңгейінде өткен «ЭКСПО» көрмесі кез келген елде өте бермейтінін білеміз... Елді басқара білетін шеберлігімен, көреген саясатымен танылған Елбасының мақсаты қазақ елін дамыған елдер қатарына қосу еді. Бұл мақсат жолында жыл сайын халқын жарқын болашаққа жетелейтін жолдауларын ұсынып отырды. Елбасы бір сөзінде: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып, одан бұрын жаңғырып отыруға тиіс»-деп, рухани тұрғыдан санамызды жаңғырту керектігін атап көрсетті.

Жақсы ұстаздан үлгі көрген Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты биыл еліміз Президент ретінде таңдады. Азат елімнің жаңа Президенті де елін биіктен түсірмей, асқақтата беру мақсатында түрлі шаруаларға білек сыбана кірісіп кетті. Халқым айтқандай, ел билеушіміздің айы оңынан туғай...

Білім саласына енгізіп жатқан түрлі өзгерістер, шетелдіктермен тәжірибе алмасу, латын әліпбиіне көшу – еліміздің жарқын болашағы үшін жасалған қадамдар. Мұндай сенімді қадам басқан халық қашанда биік белестерді бағындыратынына сенемін.

«Көреген басшы елді өсіреді, Күшті майдан ерді өсіреді» дегендей, Елбасының асқақ рухы, қайраты мен ақылы, көрегенділігі, патриоттық сезімі, мақсатшылдығы – мен сияқты қанаты қатпаған жас ұрпаққа үлгі. Елім де, Елбасым да аман болғай!

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ғашық жұпқа бір-бірінен не керек?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle