Сабақ жоспары (ұмж): Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Кепкен жемістердің пайдалары

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2 В. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы
Сабақ тақырыбы: Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.2.6 – қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін «ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын пайдалану;
10.2.2.7 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтарды жіктеп, қоғамдағы қызметін талдау.
Миға шабуыл (Міндетті емес). оқушылар берілген сөздерге:
1.Ассоциация құрайды
2. Өзара байланыстырып сөйлем құрайды
Қоғам, әлеумет, ақсүйек, халық т.с.с.

БЫМ Оқушылар бейнематериалды қарай отырып кем дегенде 5 әлеуметтік топты анықтайды және тақырыпты болжайды
М Мұғалім сабақ тақырыбы, мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстырады
Т Оқушылар мәтінді «Әткеншек» тәсілімен талдайды.
Жұмыс алгоритмі. Әр топты өз бекетінің жанына орналастырыңыз. Оларға талас тудыратын проблеманы талқылап, өз идеяларын ақ параққа жазу үшін 5-7 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін, топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын қайталамай отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша әр 7 минут сайын топтар бекеттерін ауыстырып отырады.
1 мәтінді түсінуге арналған сұрақ: Қазақ хандығындағы қоғамның «Ақсүйектер» мен «Қарасүйектерге» жіктелуі стратификацияны айқын көрсете ала ма? Түсіндіріңдер
2 мәтінді түсінуге арналған сұрақ: «Төре» мен «сұлтан» бір қызметті атқарған» осы тұжырыммен қаншалықты келісесіңдер; ел басқаруда Тәукенің қолданған тәсілі қандай?
3 мәтінді түсінуге арналған сұрақ: Батырлардың қоғамға қажеттілігі неде? Неге қоғамдағы әлеуметтік топ «Қарасүйек» деп аталған?
4 мәтінді түсінуге арналған сұрақ: «төленгіт» пен «құлдарды» қандай ортақ сөзбен біріктіруге болады? Неге?
Дескриптор:
Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтарды жіктей алады
«Галерея» стратегиясымен «Әткеншектен» кейін топтың жауаптары тақтаға ілінеді. Әр оқушы нақты жауапқа өз даусын «+» белгісімен көрсетеді. ......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық дискілерді қолдану тиімділігі



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle